Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

           Бұл қызықты

Блог жазуды дәл қазір бастайық немесе тупой блогерлер туралы!

Ассалаумағалейкум, құрметті достар!

Сіздермен бірге әдеттегідей – Ертай Қуанышов. Бүгін блогинг тақырыбында пост жазғанды дұрыс көрдім. Себебі біздің казнет желісінде блогтар саны, біз ойлағаннан да аз.

Блог деген сөзге әркім, әртүрлі анықтама береді. Ал менің беретін анықтамам мынадай: Блог дегеніміз – ғаламтор арқылы жазатын менің ойларым. Бізге маңыздысы бұл емес, себебі бұның да біраз тармақтары бар.

Қазіргі уақытта айта кеткенімдей, казнет желісінде блогерлер саны аз. Бұл қателіктің орнын толтыратын біздер. Сондықтан дәл қазірден бастап, өзімізге қызықты тақырыптар бойынша ақпараттар жазып, басқаларымен бөлісіп отырайық. Бұл тұрғыда шетеу қоюдың керегі жоқ, қандай тақырыпта жазғың келеді, сол темада жаз. Белгілі бір дүниеге қадалып қалудың керегі жоқ.

Қазақстанда танымал деген біраз блогерлер бар, бірақ олардың көпшілігі саяси тақырыпта жазады. Мен айттым кез-келген тақырыпта жаза беруге болады және ол үшін, айтарлықтай білімді болудың керегі жоқ, бірақ саяси тақырыпта жазатын болсақ, сәл ойланғанымыз дұрыс. Себебі осы ғаламторды кейде қараймын, біраз адам жазарын жазады, бірақ қарасаң сауатсыз жазылған ақпараттар. Егер бұл жерде, орфографиялық немесе граматикалық қателер кетсе ештеңе емес.

Біріншіден өздері білмейтін, түсінбейтін немесе біреу айтты екен деп, жаза салады, ал ол өз кезегінде саяси араздық туғызады. Оқыған адамның ашуын келтіреді. Менің сол жазған адамның, жазған сөзіне жауап бере алатынына күмәнім бар. Әсіресе осы facebook әлеуметтік желісінде, сондайлар көп, өте сапасыз түрде жазатындар баршылық. Себебі ол жерде орта жастағы, кісілер отырады, олардың бәрі патриот — ау деймін әлде іші қыза мекен?

Мен олардың жазбасын, блог деп айта алмаймын, толған ғайбат. Мысалы өткенде латын әрпіне көшетін болдық, сол кезде: “ойбай, құрыдық, тілімізден айырылатын болдық, қайран қазағым-ай» — деген сияқты тақырыптарда, посттар өріп кетті. Түсінуге болады, егер оны жазып отырған біз сияқты әр нәрсенің парқына жете бермейтін, жас жігіттер болса. Олай емес, орта жастан асқан кісілер көбі. Сондықтан 100% болмаса да, сәл сауаттырақ жазайық.

Блогер журналис емес, сондықтан жазба стилінде жазу міндет емес. Мысалы мен жазба стилінде жазамын деп айта алмаймын, көбіне сөйлеу стилінде жазамын және сізге де осыны ұсынамын.

Блог жазуды бастау үшін, менікіндей сайт болуы міндет емес, кез-келген әлеуметтік желідегі парақшаларды қолдануға болады. Қазіргі уақытта, Қазақстанда көптеген танымал әлеуметтік желі бар, солардың кез-келгенін алып жаза беруге болады. Мен Instagram немесе ВКонтактіні ұсынамын.

Ал бұл туралы ойыңыз қандай, пікірге жазыңыз!

Бүгінше осы, келесі жазбада кездескенше.

Блог жазуды дәл қазір бастайық немесе тупой блогерлер туралы!
3 (60%) 2 votes

Өз пікіріңізді білдіріңіз

6 Пікір "Блог жазуды дәл қазір бастайық немесе тупой блогерлер туралы!"

avatar
newest oldest most voted
Хорезм Серекенов
Қонақ
Хорезм Серекенов

Ертай мен Қытайдан товар алу үшін ештеңе келістіре алмай жүрмін,Мен түсінбейтін бірдеңелер шығады,Және Англичан тілінде келеді,компютер тілін білмегеннен болып тұр бәрі,Енді не істеуге болады,білмедім,

Askar
Қонақ

Керемет.Ертай бауырым мен блогер дегенді қыйын менің басым жетпейтін дуние деп оған мəн бермейтін едім енді тусіне бастағандаймын.Негізі біз көп дүниелерге шындап орысша айтканда серёзна қарамаймыз,себе бі басымызды қатырғымыз ойланғымыз келмейді миды істеткіміз келмейді ерінеміз ең үлкен қəтелік осы деп ойлаймын.Жалқамыз деп айтады жалқаулығымыз менімше осы жерде шығар.&жазғандарымда қате лік болса алдын ала кешіресіздер ағайын,себебі қазақша 5 класқа дин оқығам негізі өзбекше оқығам.айпетпейсіздер ☺

Гулзагира
Қонақ
Гулзагира

ИЯ,рахмет. Коп нарсе уйренип жатырмыз

Нургуль
Қонақ
Нургуль

Жақсы, қосыламын. Бірақ блог жазудың да бір талап, жүйесі бар шығар деп ойлаймын. Қайдан қарап танысуға болады? Немесе қандай кеңес бересіз?