Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

           Бұл қызықты

Ғаламтор арқылы қалай білім алуға болады немесе менің 2 жылдан кейінгі нәтижемді білгіңіз келе ме?

Сәлем, достар!

Бүгін мен сіздерге ғаламторда білім алу туралы айтамын және де ең бастысы өзімнің нәтижеммен бөлісемін. Егер сізде ғаламтор арқылы оқып үйренгіңіз келсе, сіз үшін бұл баламасыз ақпарат болмақ, ендеше кеттік…

Өзіңіз де білетін шығарсыз, болашақта мектептік орнын онлайн оқыту жүйесі алмастырады. Тіпті кейбір елдер осы жүйені тексеріп көріп жатыр. Ғаламтордың мүмкіндігі барған сайын арту үстінде және оны тиімді пайдалана білген адам үлкен күшке ие болады, дұрыс пайдаланбасаң, уақытыңды аямай алатын, машина іспеттес.

Айтыңызшы сіз ғаламторды көбіне не үшін қолданасыз? Кино қарау, музыка тыңдау, әлеуметтік желіде отыру немесе кітап оқу.

Ғаламтордың беретін үлкен мүмкіндіктерінің бірі ол – белгілі бір сала бойынша тегін білім алуға мүмкіндік береді.

Мысалы алатын болсақ, кейбір атақты деген университеттер өз сабақтарын ғаламтор арқылы таратып, әлемнің басқа да түпкірінен қарауға мүмкіндік жасап отыр. Сонымен қоса пайдалы дүниенің бәрі ғаламторда – тегін. Бәріне қол жетімді. Мысалы мен көбіне кітапты электронды түрде оқимын. Ол үшін бар болғаны қажеті кітапты жүктеп алсам болғаны.

Ғаламтор нағыз білім алу құралы. Әртүрі сала бойынша сабақтарды, кітаптарды, аудио ақпараттарды, тіпті видео сабақтарды ғаламтордан қиналмай табуға мүмкіндік бар және бұл көрсеткіш барған сайын арту үстінде.

Өзімді мысалға ала отырып айтатын болсам, мен бағдарламалау тілдерін тікелей ғаламтордың көмегі арқылы үйрендім, кейін фотошопты үйренгім келді, оны да ғаламтордан үйреніп алдым, сонымен қатар: сайт ашу, баннер жасау, копирайтинг, видео өңдеу, smm маркетинг т.б.

Қазір шамамен ғаламтормен жұмыс жасай бастағаныма 2 жылдай уақыт болды. Нәтижесін, осы блогты қарап білуіңізге болады. Ғаламтордың көмегі арқылы осындай серверлік бағдарламалар жаза алатын болдық, әзірше жаман емес! Бастысы осында жазылған ақпараттардың бәрін қайдан біледі деп ойлайтын шығарсыз, оған де себеп – ғаламтордың көмегі.

Ендеше өзіңіз де белгілі бір сала бойынша ғаламтордан іздеп қараңыз. Мүмкін Университет оқымай-ақ, қажетті мамандықты игеріп аларсыз.

Байқағаным, соңғы кездері, дипломды қажет етпейтін мамандықтарға сұраныс жақсы және тиімді жағы оларды да ғаламтор арқылы игеруге болады. Мысалы SMM – менеджер.

Ағылшын тілін үйренгіңіз келсе Puzzle-English сияқты сервистерді қолдансаңыз болады, менің де қолданып жүргеніме біраз уақыт болды.

Ал сіз ғаламторды көбіне қандай мақсатта қолданасыз? Пікірге жаза кетіңіз!

Бүгінше осы келесі кездескенше.

Ғаламтор арқылы қалай білім алуға болады немесе менің 2 жылдан кейінгі нәтижемді білгіңіз келе ме?
Жазбаны бағалаңыз

Өз пікіріңізді білдіріңіз

1 Пікір "Ғаламтор арқылы қалай білім алуға болады немесе менің 2 жылдан кейінгі нәтижемді білгіңіз келе ме?"

avatar
newest oldest most voted
Мадияр
Қонақ
Мадияр

Толықтай келісем. Оқу орындарында оқыта бермейтін сұранысқа ие білімнің біразы ғаламторда жəне оны игеруге зор қызығушылық таныту керек. Еліміздегі орыстар осы ілімнің тізгінін ұстап отырғандар. Қазіргі заманда білікті бірді емес, білімді мыңды жығатын дəуір боп тұр расында.