Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

           Бұл қызықты

Қазақша тайм — менеджмент: Циклдік тапсырма дегеніміз не және қалай орындалады!

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Менің атым – Ертай Қуанышов.

Бүгін қазақша тайм – менеджмент тақырыбын жалғастырамыз және циклдік тапсырма туралы айтатын боламын.

Циклдік тапсырма дегеніміз – күн сайын орындалып отыратын тапсырмалар. Мысалы: денені көтеру, таңертең жүгіру, кітап оқу, сайт жасауды үйрену. Егер осылай қоятын болсаңыз, бұның бәрі күн сайын тұрақты түрде орындалып отырады деген сөз.

Бұл жүйенің маған ең ұнаған жері – әдет қалыптастырады. Мысалы кітап оқу деп қоятын болсаңыз, күн сайын орындап отыру арқылы әдетке айналдырасыз.

Жақсы тәсіл ме? Енді ші.

Егер циклдік тапсырмаларды өзіңізге белгілеймін деп, шешетін болсаңыз оны көрінетін жерге іліп қойыңыз, бұл ең қарапайым тілмен айтқанда, әрине. Былай істеуге де болады, компьютердің немесе телефонның мониторының фонына қойса да тиімді, себебі оны күніне біраз рет қараймыз.

Бүгінше осы, келесі жазбада кездескенше.

P.S Тайм – менеджментте қолданатын қандай тәсілдеріңіз бар, пікірге жазып қалдырыңыз.

Қазақша тайм — менеджмент: Циклдік тапсырма дегеніміз не және қалай орындалады!
5 (100%) 2 votes

Өз пікіріңізді білдіріңіз

Бірінші пікірңізді, жазыңыз.

avatar