Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

           Бұл қызықты

Копирайтинг: кепілдік беру туралы

Ассалаумағалейкум, құрметті достар!

Копирайтинг тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз, бүгін кепілдік беру туралы ақпарат болмақ. Көптеген жарнамалардан көрген боларсыз, әртүрлі деңгейде кепілдік беріледі.

Мысалы 1 жылға кепілдік немесе сол сияқты мысалдар.

Егер қандай да бір тауарды немесе қызмет түрін жарнамалайтын болсақ, оған кепілдік беру жақсы жұмыс жасайды, бұны ешкім тиімсіз деп айтпайды.

Кейбіреулерде мынадай қорқыныш бар, “егер кепілдік беретін болсам, мысалы егер ұнамаса ақшаңызды қайтарып беремін, деп жазатын болсам, онда осыны өтірік пайдаланып кететіндер, шығуы мүмкін” – деген. Бірақ бұл дұрыс деп айта алмаймын, егер сізден 100 адам сатып алса, әрі кетсе, 2-3 – і, ғана шығуы мүмкін. Тіпті кейбір адамдар, көңілінен шықпаса да, ақшамды қайтар деп айтпайды. Сондықтан бұндай қорқыныш орынды емес.

Ал енді кепілдік туралы айтайық, кез-келген ақшаға бағаланатын өнімге кепілдік бар.

Кепілдік тауарға байланысты өзгеруі мүмкін. Мысалы телефон сататын болсаңыз, мынаған 1 жыл кепілдік бар деп айтуға болады. Егер ол ұзаққа шыдамды болса, мерзімді қысқартудың керегі жоқ. Кейбір тауарлар бар, 10-20 жыл кепілдік береді. Мысалы теледидар. Егер Жапондық осындай өнімдерді, көрген болсаңыз, олар 20 жылға дейін кепілдік береді, 19 жыл 11 ай 29 күннен кейін бұзылып қалса, ауыстырып алуға болады деген сөз немесе ақшаңызды қайтарып береді.

Кейбір кепілдіктер – өтірік. Мысалы жазатындар бар, 14 күн кепілдік деп, ал негізінде ол – жалған кепілдік, себебі біздің елдік заңы бойынша, сен қаласаңда, қаламасаңда, минимум 14 күн кепілдік беруге тиіссің.

Жасалатын кепілдік, клиенттің, сеніміне кіруге көмектеседі. Оны әртүрлі қылып беруге болады. Мысалы мерзім бойынша, мысалы жаңа айтып өткенімдей 1 жыл, 2 жыл деген сияқты. Ал қызмет түрі болса, мысалы консалтингтік қызмет түрімен айналыссаңыз, онда бұндай кепілдіктер жарамайды. Сондықтан басқа түрін қолдауға тура келеді. Мысалы айтуға бола, біздің қызметімізден кейін, сіздің нәтижеңіз осындай болады, болмай қалса, ақшаңызды қайтарып береміз.

Мынадай кепілдік түрлері де болады және бұлар өте жақсы жұмыс істейді: «мен сіздің мәселеңізді шешіп беремін, ал шеше алмасам, төлеген ақшаңызды 2 есе қылып қайтарамын», әрине, бұл үлкен тәуекел, бірақ өзіңізге сенімді болсаңыз, бұндайды қолданған дұрыс.

Ал сіз, қандай кепілдік түрлерін қолданып жүрсіз?

Бүгінше осы, келесі жазба кездескенше.

Копирайтинг: кепілдік беру туралы
Жазбаны бағалаңыз

Өз пікіріңізді білдіріңіз

Бірінші пікірңізді, жазыңыз.

avatar