Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

           Бұл қызықты

Копирайтинг: тақырып қоюдың, сіз білмейтін 5 құпиясы

Сәлем, достар!

Тауарды немесе қандай да бір өнімнің қаншалықты көп өту, сіздің жазған жарнамалық мәтініңізге тікелей баланысты. Кез-келген тауарды немесе қызмет түрін сату үшін жарнамалық мәтіннің көп оқылғаны керек, ал ол көп оқылуы үшін, тақырыбы бірден көзге түсетін немесе бір қараған адамды қызықтыра білуі керек.

Егер копирайтинг саласынан сәл де болса хабарыңыз болса, бұның қандай маңызды екенін түсініп тұрған шығарсыз. Бірақ бүгінгі жазба, жаңадан бастаушыларға арналады. Сонымен жарнамалық мәтінге тақырыпты қалай қою керек?

Егер жарнама жасаумен айналыспасаңыз да, бұл сізге пайдалы болады. Себебі көп жағдайда қажет емес, дүниелерді сатуға тура келеді, ал бұндай кезде оның жылдамырақ және сіз қойған бағада сатылғанын қалайтын шығарсыз? Ендеше кеттік…

Жарнамалық мәтіннің көбірек оқылуы үшін, тақырып қоюдың 5 тәсілін ұсынамын:

Қалай …. істедім, мені? Бұл сізді жеке тұлға есебінде көрсетеді. Адамдарға біреудің тарихы қызықты және бұл ел назарын аударады.
Мысалы: Мені атақты еткен, қарапайым әдеттер!

Ал сіз…? Бұл тікелей аудиторияға бағытталған тақырып және сауда саласында жақсы қолдануға болады.
Мысалы: Сіз iPhone – ды 49% жеңілдікпен сатып алуға дайынсыз ба?

Мен қалай…? Бірінші айтылған тәсілге ұқсайды, тиімді жағын түсіндіріп, соңында назарын аударасыз.
Мысалы: Мен қалай  3 қарапайым тәсіл арқылы, бизнес жасадым!

Қалай? Бұл қандай да бір нысанға бағытталып, соңында нәтижесін көрсетеді.
Мысалы: Қалай 18 жасыңда, миллион табуға болады?

Құпия. Тақырыпта жазылған құпиясы сөзі жақсы жұмыс жасайды, себебі бұндай сөздер адамның назарын бірден аударады. Адамдар құпия дүниені білуге тырысады, сондықтан бұны тиімді түрде қолдануға болады.
Мысалы: Ұзақ өмір сүрудің 7 құпиясы.

Назар аударыңыз. Бұл арқылы белгілі бір дүниеге назар аудартуға болады және бұған көзі түскен адам, ең аз дегенде көзімен шолып шығады.
Мысалы: Назар аударыңыз: барлық тауарға 30% жеңілдік.

Бұл аталған мысалдарды әртүрлі жарнамалық мәтіндерде қолдануға болады және жақсы нәтиже береді. Маған сенбесеңіз сынап көріңіз?
Бүгінше осы келесі, кездескенше.

Копирайтинг: тақырып қоюдың, сіз білмейтін 5 құпиясы
2 (40%) 2 votes

Өз пікіріңізді білдіріңіз

8 Пікір "Копирайтинг: тақырып қоюдың, сіз білмейтін 5 құпиясы"

avatar
newest oldest most voted
Аденова Аккруш Онайбаевна
Қонақ
Аденова Аккруш Онайбаевна

Уакытым барда карауга тырысамын.Оте пайдалы акпарат.Адамнын билгенинен билмегени коп кой.Пайдалы нарсени билген жаксы.арине.

Баян
Қонақ

Өте жақсы маған берген ақпаратыңыз ұнады. Копирайтинг осылай болу керек екенін білемін ал өжім жазайын десем фантазиям жетпейді

Баян
Қонақ

Өте жақсы маған берген ақпаратыңыз ұнады. Копирайтинг осылай болу керек екенін білемін ал өзім жазайын десем фантазиям жетпейді

Жанар Уалихановна
Қонақ
Жанар Уалихановна

Өте жақсы кеңес екен! Осындай күшті кеңестерді беретін жақсы адамдар көп болса игі!!! Тамаша Сізге сəттілік тілеймін!!!☝

Акилес
Қонақ
Акилес

Унады жалгасын кутемиз

Гүлмира
Қонақ
Гүлмира

Көөп Рахмет. Маған сол жетспей тұр еды!Жалғасы қашан болады?.

Тасбике
Қонақ
Тасбике

Көөп рахмет! орысша оқып дайындалып жүргем. ТАМАША!