Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

           Бұл қызықты

Офферлер арқылы қалай ақша табуға болады?

Сәлем, құрметті оқырмандар. Бүгін ғаламтордағы жақсы табыс табуға  мүмкіндік беретін офферлік жүйе туралы әңгіме болады. Осы аталған тәсіл ғаламторда табыс табуға мүмкіндік беретін менің тізімімдегі үздік жүйелердің бірі. Неге олай екенін әрі қарай оқығасын түсінетін боласыз.

Оффер дегеніміз кім?

Бұның басты жұмыс істеу жүйесі қандай да бір тауарды сату. Яғни сіз басқа біреудің тауарын сатқаныңыз үшін ақша тауып отырасыз және тек ғаламтор арқылы. Бұның жұмыс істеу жүйесі көшеде тауар сатқанға мүлде ұқсамайды. Басты артықшылығы ғаламтор арқылы жасалған.

Мысалы: Ғалымжан, landing сайт арқылы сағат сатумен айналысады. Оның өкінішке орай тұтынушылар саны азайып кетті, оған бір жол тауап сатылым санын арттыру керек. Ол не істейді? Қандай да бір офферлік жүйелерге тіркеліп өз тауар сатуға шығарады. Офферлік жүйе оның тауарын қалған адамдарға көрсетіп қояды, яғни осы тауарды сатып үстінен пайда көретіндерге. Ғалымжан сағат бағасын 15000 теге деп қойып, сатқан адамға 5000 теңге береді, негізі әр қайсына әртүрлі болып келеді. Жүйенің жұмыс істеу жүйесі қысқаша осындай.

Бұл жерде мынадай сұрақ туындауы мүмкін:” Ол дәл менің сатқанымды қалай біледі және ақшаны қалай табам?”. Өте орынды сұрақ. Бұның бәрін істейтін офферлік жүйелердің өзі. Олардың қызметі осы клиентті шақырған кім және қанша тапсырыс болды, осы сияқты мәселелермен айналысады. Тауарды сатушы адам алдап соғады деп ойлаудың керегі жоқ. Офферлік жүйелер кімде қанша тапсырыс болғанын өздері бақылап отырады.

Қалай жұмыс істеуге болады?

Бұл аса қиын жұмыс емес. Тек офферлік жүйелерге тіркелгеннен кейін жұмысқа кірісе беруге болады. Бұл қызметті ұсынатын онлайн сервистер көп кездеседі, мен сізге ең танымал және жұмыс істеуге ыңғайлыларын таңдап беремін.

Әуелі біз табыс қалай түсетінін анықтап алайық. Бірінші сіз офферлік биржаға тіркелесіз, одан кейінгі қадам тауарды таңдап қажетті сілтемені алу. Мысалы сіз таңдаған тауар example.kz деген сайтта сатылатын болса сізге example.kz/jfhy – деген сілтеме берілуі мүмкін, соңына жалғанған jfhy

Жалғауы арқылы тапсырыс берген адам кімнің сілтемесі арқылы кіргенін біліп отырады. Егер осы сілтеме арқылы өтіп тапсырыс жасайтын болса, сізге уәде етілген ақша төленеді. Оны банк картасы немесе электронды әмияндар арқылы алуға мүмкіндік бар.

Табыс көлемі қанша болады?

Табыс көлемі айтып өткенімдей әр тауарда әртүрлі болып келеді. Егер тауар 30 мың тг тұрса, сатқан адамға 10 мыңын беруі мүмкін. Офферлік жүйелердің басты артықшылықтарының бірі — жақсы төлейді және бәрін онлайн түрінде.

Қандай офферлік жүйелер бар?

Қазіргі таңда бұл аталған жүйені жасаушылар көп кездеседі. Мен сізге мына түрлерін ұсынамын:

Kma.biz —  рунет желісінде өте танымал. Ішіндегі тауарлардан көбін Қазақстан арқылы тапсырыс беруге болады, бұл дегеніміз жұмыс жасай беруге болады дегенді білдіреді.

Осы жүйеге қосылған офферлердің көбі, әр тапсырысқа ең жоқ дегенде 3 мың теңге береді. Негізгі сататын тауарларының көпшілігі денсаулық тауарлары.

Approve.kz – Қазақстандық офферлік биржа. Бірінші аталған офферлік жүйеден айырмашылығы тауарлар саны аздау, дегенмен Қазақстан бойынша тіркелген тауарларды жеткізіп береді. Негізгі сатылатын тауарлары көбіне сағаттар.

Байқаған болсаңыз офферлік жүйелердегі тауардың жеткізілу аймағына мән беріп жатырмыз. Бұл өте маңызды. Түсінікті болуы үшін мысал келтірейік. Мысалы тұтынушы сіздің сілтемеңіз арқылы өтіп тауарға тапсырыс берді делік. Бірақ ол тек Ресей бойынша жеткізіліп беріледі, ал сатып алуы Қазақстаннан. Бұл жағдайда ол тапсырыстан бас тартуға мәжбүр, сіз болса түсетін табыстан айрылып қаласыз.

Офферлік тауарлардың қандай артықшылығы бар?

Ең үлкен артықшылықтарының бірі – сізге тапсырысты жіберумен айналыспайсыз. Егер сіз жеке айналысатын болсаңыз, тапсырыс түскеннен кейін, тұтынушыға телефон шалып, одан соң тапсырысты почта арқылы жіберуге тура келеді. Кейбір жағдайда ол кері қайтарылып та жатады. Ал сіз офферлік тауарларды сататын болсаңыз бұндай мәселелерге бас ауыртудың керегі жоқ.

Қайда сатуға болады?

Офферлік тауарларды сатудың ең жылдам жолдарының бірі ол – әлеуметтік желі арқылы сату. Бұл үшін бірінші сізде әлеуметтік желіде парақша болуы керек. Бұл қазір екінің бірінде бар және әлеуметтік желімен қалай жұмыс жасауды көпшілік түсінеді. Сіз де осы тәсілді байқап көріңіз.

Бұл аталған тауарды сатуға Вконтакте әлеуметтік желісі тиімді. Себебі Қазақстандықтардың көбі осы желіні қолданады, сонымен қоса Facebook – ті де алуға болады. Әрине бұл аудиторияға байланысты. Мысалы жастарға арналған сағат сататын болсаңыз, қай әлеуметтік желіде жасы кішілер отырады, соны анықтап аласыз. Ал оны көбіне үлкен кісілер отыратын орындарда сату тиімсіз болуы мүмкін.

Айтпақшы тағы бір дүниені айта кетейін, бұл ешқандай желілік маркетинг емес, серіктестік бағдарламасы десек дұрыс болады. Осы арқылы жұмыс жасайтын кейбір ғаламтор дүкендері миллиондап табыс түсіреді.

Мен өз басым күніне миллион таппасам да, жұмыс жасап ақша табуға болатынына көзім жетті.

P.S Қазақстан қоржынына Универсиаданың алғашқы медалі түсті, құттықтаймыз.

Ал, бүгінше осы келесі кездескенше.

Офферлер арқылы қалай ақша табуға болады?
1 (20%) 1 vote

Өз пікіріңізді білдіріңіз

1 Пікір "Офферлер арқылы қалай ақша табуға болады?"

avatar
newest oldest most voted
Мақсат Айдархан
Қонақ
Мақсат Айдархан

Өте түсінікті жазылған коп информатция алдым