Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

           Бұл қызықты

Оқырман сұрақтарына жауап

Сәлем, құрметті оқырман.

Соңғы уақытты әлеуметтік желі арқылы келетін сұрақтар жиілеп кетті, солардың бірі Қалдыкүл Кенжетай есімді оқырмандарымның бірінен келіпті. Қойылған сұрақтары маған қиын болмағандықтан блог арқылы жауап бере кеткенді жөн көрдім. Бәлкім сізді де осы сұрақтар мазалап жүрген болар.

Бірінші сұрақта былай делінген: “Сайт арқылы қалай ақша табуға болады?”. Шыны керек ақшаға қатысты, әсіресе оны табу туралы әңгіме көбіне қызық болар.  Ал енді сайт арқылы қалай ақша табуға болады, сол туралы қысқаша түрде айта кетейін, себебі бұның көптеген тәсілдері бар және уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Ең негізгі деген бірнешеуіне тоқталайын.

Әуелі сайт арқылы ақша табуға болатынына көз жеткізіп алайық. Сіз білетін боларсыз, Вконтакте, Facebook, Twitter сияқты басқа да танымал желілер де сайтқа жатады және жылдық табыстарына Астана сияқты қалалардың ең вип аудандарынан 10 мыңдай үй алуға болады.

Осы сияқты көп таппаса да Қазақстанда Kolesa, Krisha сияқты сайттар бар. Жылдық табыстары 5-10 миллион долларды құрайды. Сайттан түсетін егізгі табыс көздері туралы айтайық.

Жарнама

Көптеген танымал ғаламтор ресурстарының негізгі табыс көзі – жарнама. Яғни бұл бізге де, оларға да тиімді. Оларға кіретін адамдар жарнаманы көреді, ал жарнама берген адам тұтынушы тартады.

Сайт арқылы жарнама сатудың да көптеген түрлері бар, бұл туралы кітап жазуға болады.

Қызмет түрлерін немесе тауар сату

Бұл түріне, ғаламтор дүкендерін жатқыза аламыз. Оларды тауарды ғаламтор арқылы сатып табыс табады. Бірақ танымал деген сайттардың бәрі ғаламтор дүкендері емес, сондықтан белгілі бір қызмет түрін өз сайтыңызда жарнамалап бизнес жасауға болады. Қызмет түріне мысал келтіре кетейін: мақала жазу, тапсырыс бойынша сайт ашу, баннер жасау.

Ең көлемді және танымал деген екі түрі осы. Жалпы айтатын болсам “Сайт арқылы ақша табу” – деген өте үлкен тақырып. Мен айтып өткендері ең танымал түрлері.

Әрі қарай жалғастырайық. Маған келген хаттың келесі бөлігінде “Сайттағы әрбір көрсетілімнен ақша түсіруге болады” деп естігенін жазған. Жалпы дәл осындай болмаса да, кейбір жарнаманың түрлері бар, әрбір 1000 көрсетілімге ақша төлейтін. Дегенмен сайтты ашқан әрбір адамнан ақша түседі деген өтірік, басында мен де солай ойлағам негізі, одан бері 3 жылдай уақыт өтті.

Келесі сұрақ: “Сайттың неше түрі бар?” – деп берілген. Нақты осынша түрі бар деп ешкім айта алмас. Себебі оның түрлері технологияның өсуіне байланысты, тез көбейіп жаты.

Сайттың әрбір элементіне қарап басқа да ондаған, тіпті одан да көп түрге жатқызуға болады.

Сұраққа жауап ретінде сайттың бірнеше түріне мысал келтіре кетейін: ғаламтор дүкені, блог, әлеуметтік желі, портал.

Келесі берілген сұрақ: “Сапалы сайтты қалай жасатсам болады?”. Кез-келген көлемдегі сайтты жасаумен айналысатын веб-студиялар бар. Бірақ қайсысы сапалы, қайсысы сапасыз жасайтынын алдын ала болжай үшін сізге сайт жасау жағынан аз да болса білім керек. Әуесқой бағдарламашы ретінде тағы бір дүниені айта кетейін, әрбір бағдарламашының сайт ашуда деп айта берейін, өз стилі бар, біреу қанша сапалы жасағанымен екінші біреуі бірден сынға алуы мүмкін. Егер сапалы етіп сайт жасатқыңыз келсе және олардың бағалауға техникалық біліміңіз болмай тұрса, олардың бұрын жасаған жұмыстарымен танысып шығу, мүмкіндік болса, тапсырыс берген адамдардың пікірлерін тыңдап көру.

Сұрақтарға шығын түрде жауап бердім деп есептеймін, ендеше келесі блогта кездескенше.

Оқырман сұрақтарына жауап
Жазбаны бағалаңыз

Өз пікіріңізді білдіріңіз

Бірінші пікірңізді, жазыңыз.

avatar