Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

           Бұл қызықты

Сапасы жақсы суреттерді тегін жүктеп алуға арналған 3 сайт

Сәлем, достар!

Кейбір мамандарға сапалы суреттер, өз жұмыстары үшін, қажет. Мысал: дизайнерлерге. Тіпті кәсіби мамандар былай тұрсын, кез-келген жағдайда сапасы жақсы сурет қажет болады. Мысал алатын болсақ, әлеуметтік желідегі посттарға немесе баннер жасау үшін, сонымен қатар жәй ғана қандай да бір әлеуметтік желілерге суретті жүктеп қою үшін.

Жеке өзіме сапасы жақсы суреттер қажет. Себебі әртүрлі блог жаған кезде оның қасына тағы сурет қажет болады. Бұндай жағдайда суретті жәй Google – ден алып қоя салуға болады, бірақ бұл тиімсіз тәсіл. Сондықтан мен сізге сапалы суреттерді алуға арналған 3 бірдей ғаламтор ресурсын ұсынамын.

Pixabay

Сайтта сапалы суреттерді көптеп табуға болады, сонымен қоса сапалы видеолар да бар. Жалпы жүктелген суреттер саны 1000 000 – на асып жығылады және бұл барған сайын өсу үстінде. Мысал мен осы сайтты қолдана бастағанымды, барлық суреттер саны 600 мыңнан асатын еді, қазір біршама өскен.

Ресурстың басты артықшылықтарының бірі суретті жүктеп алғаннан кейін, авторлық құқықты талап етпейді. Сіз ойлауыңыз мүмкін: “Суретке авторлық құқықтың не қажеті бар?” – деп. Негізі олай емес. Біз ғаламтордағы қандай да бір сайттағы суретті рұқсатсыз, көшіріп алып, оны пайдаланатын болсақ, олардың бізді сотқа беруге құқығы бар. Ғаламторда болсын, басқа жерде болсын, авторлық құқық қатты сақталады.

Ал бұл сайттан жүктелген, суретті коммерциялық мақсатта да қолдануға мүмкіндік жасалған.

Сайтқа өту

Pexels

Ең танымал деген ресурстардың бірі, сервисте көптеген сапалы суреттерді табуға болады.

Суретті іздеу үшін, ағылшын немесе неміс тілін қолданасыз.

Жалпы қолдануға тұрарлық сайт. Әртүрлі көлемдегі суреттерді жылдам жүктеп алуға мүмкіндік бар.

Сайтқа өту

Stockvault

90 мыңға жуық фотографтар мен дизайнерлердің басын қосқан сайттардың бірі. Бұл жерден сіз 110 мыңнан астам суретті таба аласыз.

Бұл сервистен де суретті іздеу үшін ағылшын тілін қолданасыз.

Сайтқа өту

Бүгінше осы, келесі кездескенше.

Сапасы жақсы суреттерді тегін жүктеп алуға арналған 3 сайт
5 (100%) 1 vote

Өз пікіріңізді білдіріңіз

3 Пікір "Сапасы жақсы суреттерді тегін жүктеп алуға арналған 3 сайт"

avatar
newest oldest most voted
Салтанат
Қонақ
Салтанат

Сəлеметсіз бе?жақсы екен.

КЕНЖЕБК
Қонақ
КЕНЖЕБК

Қатты ұнады, үлкен рахмет!

Гулнар
Қонақ
Гулнар

Мәліметтерің өте бағалы. Алла жарылқасын!