Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

           Бұл қызықты

Мынау қызыл, мынау қара. Сонымен сплит-тест дегеніміз не?

Ассаламағалейкум, қазақ жұрты. Бүгін әдеттегідей тағы да бір пайдалы құрал туралы сөз болады, ол – сплит — тест. Егер түсінбеген болсаңыз, тіпті жақсы. Блогты құр босқа жазбайтын болдым.

Сплит – тест дегеніміз қандай бір заттың 2 немесе одан да көп нұсқасының, белгілі бір жерін өзгерту арқылы, қайсысы жақсы жұмыс істейтінін тексеріп көру. Шамасы бұл, қазақ тіліндегі зат есім, сын есім дегеніміз деген сияқты болып кетті, одан одан да мысал келтірейін.

Мысалы: 1 жарнамалық баннер бар, ал осыған сплит тест жасау үшін, 2 нұсқасын жасайсыз, дәл былай деп алайық.

Бұл көріп тұрғаныңыздай, тақырыптары ғана басқаша. Яғни сіз баннердің тақырыптарына тестілеу жасайсыз, қайсысы жақсы жұмыс жасайтынын тексеру үшін.

Ол үшін былай істеуге болады: қандай ді бір әлеуметтік желідегі топқа, екі баннерді де шығарып қарайсыз, қайсысына қоңырау көп түседі, соны қалдырасыз, өте қарапайым.

Бұл ғана емес түстерді де, сплит-тестілеуден өткізуге болады. Мысалы біреуінің фоны қызық, екіншісінікі жасыл.

Ескеру: тестілеу үшін бір ғана нысанды алыңыз. Бұл дегеніміз мынадай, егер топқа шығаратын болсаңыз, екеуін де бірдей топқа шығарыңыз, егер таргетингкке беретін болсаңыз, екеуін де бірдей қылып тек суреттерін ғана ауыстырып қойыңыз. Әрине суреттегі қандай да бір элементті тестілеген болсаңыз.

Сонымен қатар, бұл сайттарда көп қолданылады. Егер ландинг сайт құрыстыратын арнайы сервистерді пайдаланып көрген болсаңыз, ол жерде арнайы сплит-тест жасауға мүмкіндік беретін функциясы бар.

Бұның қолданылу аясы тек интернет ғана емес, сонымен қатар, былай да қолдануға болады. Мысалы дүкеннің сыртында тұратын баннерлерге осылай жасауға мүмкіндік бар, дегенмен интернетте қайсысы жақсы жұмыс жасайтынын анықтау оңайлау болады, себебі бұл жерде техника араласады, ал олай болмаған жағдайда бәрін қолмен істеуге тура келеді.

Копирайтингпен айналысып жарнамалық мәтін жазатын болсаңыз, бұл жүйені тақырыптарды тестілеуге қолданған дұрыс. Себебі копирайтингте тақырыпты дұрыс қоя білу өте маңызды.

Мысалы жазуға болады:

1 нұсқасы: “McBook – ке, 36% жеңілдік”;

1 нұсқасы: “McBook – ке, 36% жеңілдік + сөмке сыйлыққа”;

Осындай бірнеше нұсқасын қарастырасыз.

Бұл күлкілі болуы мүмкін, бірақ қарапайым адамдар да бұны бұрыннан қолданады, мысалы базарды алайық та, кейбір саудагерлер болады, базарды басына көшіріп айқайлап тұрады, екінші күні басқаша, үшінші күні басқаша, шамасы көрген боларсыз, вот міне қарапайым ғана сплит – тест.

Шамасы бұның не екенін түсінген боларсыз.

Бүгінше осымен аяқтаймыз, келесі кездескенше.

Мынау қызыл, мынау қара. Сонымен сплит-тест дегеніміз не?
Жазбаны бағалаңыз

Өз пікіріңізді білдіріңіз

Бірінші пікірңізді, жазыңыз.

avatar