Без рубрики

Ақпараттық қауіпсіздік

Бүгінгі менің қозғайын деп отырған тақырыбым ол қазіргі заманғы ақпараттық қауіпсіздік.Бүгінде әрбір адам ғаламторды падаланады және содан зардап шегіп те жатыр,бұған не себеп дейтін болсақ айтылатын зат өте көп. Ғаламтордан қандай зиян бар,әуелі соны тізіп шығайық.

1. Ғаламтордағы түрлі вирустық сайттар.
2. Қауіпті бағдарламалар.
3. Спамдар

Кең таралған осы негізгі үш қауіпті жүйе туралы әңгіме қозғайық.

1. Ғаламторда түрлі вирустық сайттар көп.Сайтқа кірген қолданушыға үлкен зиянын тигізеді.Сайттағы вирустар комьютеріңізге өтіп маңызды ақпараттарға зиянын тигізеді,бұл сіз үшін үлкен шығын болуы мүмкүн.Мұндай саттардан қорғану үшін браузердің соңғы нұсқасын орнатып алыңыз,себебі браузердің соңғы нұсқаларының қорғаныш деңгейі жоғары болады немесе браузеріңізге арнайы плагиндерді орнатыңыз.Ең тиімді тәсілдерінің бірі ол ғаламтордағы түрлі ресурстардан қорғайтын антивирус орнату,мысалы:Kaspersky Internet Security, ESET NOD32 немесе тегін болып есептелетін 360 Total Security антивирусын қолданыңз осы антивируста жоғарыда айтылған плагиндер бар.

2. Ал компьютеріңіз үшін ең қауіптісі ол вирустық бағдарламалар.Мұндай бағдарламалар ғаламторда өте көп кездеседі.Мысыл келтіретін болсақ сіз белгілі бір сайттан өзіңізге қажетті бағдарламаны жүктеп алдыңыз.Ал оның құрамында вирус болу болмауын сіз ескермедіңіз. Ол бағдарламаны комьютеріңізге орнатсаңыз вируста бірге компьютерге енеді.Бұл тікелей құрылғыңыздың бұзылуына немесе қажетті ақпараттың ұрлануына әкеліп соғады.Мұндай бағдарламаларда көбіне кездесетіні ол троян вирусы. Ол вирусты кибер терористер жасап адамдар ең көп қолданатын бағдарламаларға енгізіп ғаламторға таратады.Сондықтан мұндай троян вирустарынан қорғану үшін өзіңізге қажетті бағдарламаны міндетті түрде ең сенімді деген саттардан ғана алыңыз.Пираттық нұсқадағы бағдарламаларды пайдаланбаңыз және қажетті бағдарламаны сатып алған өте тиімді және қауіпсіз.

3. Электрондық почтадан келетін қауіптердің бірі ол спамдар яғни жарнама хаттары немесе зиянды хабарлама.Электрондық хат арқылы да сізге вирус жіберілуі мүкін.Ол жарнама хаттары болса сізге айтарлықтай зиянын тигізбейді,ал ол хаттың ішінде қауіпті сілтемелер болса бұл сіз үшін үлкен қауіп ол сілтеменің артында не жасырынғанын біз білмейміз.Көптеген электрондық почта қызметтерінде спамға қарсы сүзгі бар бірақ ол да спамды өткізіп жіберуі мүмкін.Қазіргі кезде ең сенімдісі ол gmail почтасы басқаларымен салыстырғанда сапамға қарсы сүзгісі жетілген және қауіпсіздік деңгейі жоғары,ал mail.ru почтасына келетін болсақ ол біраз жағынан gmail-ға есе жібереді қауіпсіздік жағынан да спамға қарсы сүзгі жағынан да.Күн сайын электрондық хаттар арқылы жіберілетін спамдар өте көп сондықтан электронды почтаны да ұқыпты пайдалануымыз керек. Қазіргі заманда ақпараттық қауіпсіздік өте маңызды осы айтылғандарды есте ұстайтын болсақ ақпараттық қауіпсіздігімізге алаңдамасақ та болады.