Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

10 теңгелік жеңілдік, арзан қылып көрсетеді. Сізде бұған алданып жүрсіз. Копирайтинг қулықтары.

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Копирайтинг туралы жабаны әрі қарай жалғастырамыз. Бүгін көптеген дүкендер мен интернет саудада қолданылатын бір қулық туралы сөз болады. Ол әрине 10 теңгелік айырмашылық. Егер білмесеңіз, 19 990 теңге немесе 109 990 теңге деген сөздерді есіңізге түсіріңіз. Бұндайды біз өте көп, естиміз және көреміз.

Көптеген дүкендерде де, осындай жүйе бар, көбінің тауарының бағасы 10 теңгелік айырмашылықпын аяқталады. Дегенмен бұл жұмыс жасайды.

Адамның ойлау жүйесі 10990 дегенді 10 000 деп қабылдайды, ал егер тағы 10 теңге қосатын болса, 11000 деп қабылдайды. Тиімділігі сол, бұл тәсіл, тауарды арзан қылып көрсетеді.

Егер біреуден: “Мына затты қаншаға алдың?” — десең. Егер ол 25990 теңге тұрса, 25000 теңге деп айтады, әрине бәрі емес, көпшілігі сондай. Маған сенбесеңіз өзіңіз тексеріп көріңіз.

Сулпак, Технодом сияқты ғаламтор дүкендерінде бұндай баға, барлық тауарда деп айта аламыз.

Ал бұл туралы сіздің ойыңыз қандай?

Бүгінше осы, келесі кездескенше.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Улмекен Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Улмекен
Қонақ
Улмекен

ия, бұл маркетингте психологиялық баға деп аталады