Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Қоғамдағы 3 түрлі жағдайға, 3 түрлі, жеке ой. Сіз қалай ойлайсыз?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Жалпы алатын болсам, біраз пост жазып тастаппын, мәәәә деп қалдым, есептеп қарап. Өзіңіз де білетін шығарсыз, мен көбіне қазақ тілінде сирек кездесетін, тіпті кейбір жоқ тақырыптарда видеолар мен жазбалар дайындаймын.

Блогинг дегеніміз, мүмкін блоггинг – жеке ойларыңды немесе өзің айтқың келетін тақырыпты ғаламторда жариялау. Ну, жарайды, бүгін, қоғамда болып жатқан 3 түрлі жағдайға, өз ойымды білдіремін.

Ал кеттік….

Қазақстанның латын әрпіне көшуі

Не туралы айтып отырғанымды, сіз де жақсы біліп отырсыз, желі қолданушылары бұл туралы әртүрлі ой білдірген болатын, әрине көбіне қарасаң, ішінің ашиды, себебі кейбірінің ешқандай мағынасы да, мәні де жоқ. Жеке өзім, бұл туралы естігенде, жақсы болды деген ой келді. Себебі бұдан өрескел ештеңе көріп отырған жоқпын, керісінше бұның бізге берері мол.

Осы туралы ой тасталғаннан кейін, әлеуметтік желілерге неше түрлі болмайтын ойлар мен әзілдер көбейіп кетті, оның бәрі бос әңгіме деп есептеймін. Қазақстанның латынға көшуінің, ешқандай қазақ тілінің күйреуіне әкелмейді деп есептеймін.

Әлемнің 80% — ға жуығы, осы латынды қолданып жатырға, біз неге қалуымыз керек? Ертай біреу өлсе, өлмейсің ғой – деп айтуыңыз мүмкін, бірақ бұл шешімге келіп отырған, сізден де бізден де тәжірибелі және ақылды адамдар, сондықтан бүйректен сирақ шығармай, бұны қолдауымыз қажет.

Хиджап туралы

Сондай бір үлкен шу тудырған жағдайлардың бірі осы болды. Айтыңызшы бұл туралы не ойлайсыз?

Қасиетті ислам діні, қыз балаларға және әйелдерге оранып жүруді әмір еткен, бұны білесіз деп ойлаймын. Балаларына да, хиджап кигізіп, мектепке жіберіп отырған ата-аналарда, осыны біліп, орындап отыр, сондықтан бұда тұрған ештеңе жоқ, қызын имандылыққа тәрбиелегенде тұрған не бар?

Мәселе заңда, болып тұр. Сондықтан, осындай жағдай болған кезде, баламды мектепке кіргізбей жатыр – деп, сотқа жүгіну, бос әурешілік. Сот – тікелей заңға бағынады, шариғатқа емес. Қаласа да, оның пайдасына шешіп бере алмайды, соны түсінуі керек.

Егер осындай жағдай болып қалатын болса, менің есептеуім бойынша 4 қана тәсілмен шешуге болады:

  1. Баласын басқа, шектеу қойылмаған елде оқыту. Солай істейін деп жатыр екен деп, естіп қалдым, бір кісіні, шын — өтірігін білмедім.
  2. Жоғарыдағылардың рұқсат бергенін, күту. Арман Қуанышбаев ұстазымыз, әлі де айтамыз деген болатын. Бірақ күту уақыты, тыыыыым ұзақ болады-ау деп күдіктенем.
  3. Мектептің айтқанына бағынып, біріңғай форма кию.
  4. Өзің жекеменшік мектеп ашасың да, соған оқытасың.

Басқа вариант көріп тұрған жоқпын, енді.

Үлкееееен торт!

Жоғарыда тақырыптан-ақ не туралы айтайын деп тұрғанымды сезіп тұрған боларсыз? Біздің ішіміз пысқан ба, әлде ерекшеленгіміз келе ме? білмедім, бірақ қалай десек те, бұның бәрі бос ысырап. Бізге: “Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап етпеңтер” – деген.

Бағасы қанша деді? 57 миллион дей ме?  Бірақ қазақпыз ғой, сосын ертең тағы біреу 80 миллионға жасайды, тағы 100 – ге жасайды, солай кете беретін шығармыз, деймін да! Банктер байтын болды J

Осымен бүгінгі жазбаны аяқтаймын. Келесі кездескенше.

Егер жазба ұнаған болса, төмендегі батырмалар арқылы әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер.

Жазба соңында, жеке фото

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
2 Ответы по цепочке
1 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
ҒаниЕртайөмірбек Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
өмірбек
Қонақ
өмірбек

Хиджап ол бізге мүлдем сәйкес келмейді ол араб елінің ұлтық кийімі. Біздің әжелеріміз 1940жылдарға дейін қалай кийінген,солай болу керек.

Ертай
Қонақ
Ертай

Араб елінің ұлттық киімі — паранджа. Ал хиджап юарлық мұсылман қыз-келіншектерге ортақ. Білмесе де айта беру, біздің кемшілігіміздің бірі, бұл бір. Ал екіншіден, дін жағынан ұстаздарымыздан артық білмейсің.

Ғани
Қонақ
Ғани

Дұрыс айтасың, аузына келгенін көкитіндер көп.