Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

360 Total Security антивирусы

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Бүгінгі айтатын тақырыбым ол ақпараттық қауіпсіздік төңірегінде болады. Толығырақ айсам мен сізге бір тегін, жақсы ативирусты таныстырамын. Ол 360 Total Security деп аталады. Менің есепетеуім бойынша бұл кейбір ақылы антивирустарға қарағанда жақсы жұмыс жасайды және сізге де осыны қолдануды ұсынамын. Себебі бұл көп жағынан компьютердің қауіпсіз және жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Менің қолдана бастағаныма  бірнеше жыл болды. Осы уақыт ішінде көптеген вирустарды жойып компьютердің қауіпсіздігін арттыра түсті, оның көбі троян вирустары болды.

Менде бірде мыныдай жағдай болды, компьютеріме бір бағдарлама орнатып едім онымен қоса жарнамалық вирустар қоса жиеге еніп алып барлық браузерге жаранама орнатып тастаған. Барузерді қоссам басты бетті басқа сайтқа өзгертіп тастаған, бір сайтқа кірсем жарнама шыға береді, енді не істейм? Осы антивирус арқылы толық тексерістен өткізіп едім вирусты толығымен жойыпты.

Бұның қандай артықшылықтары бар?

Қорғанысты өзгерте аласыз. Яғни сіз қорғаныс түрін өзіңіз таңдай аласыз. Орнатылған 4 қорғаныс жүесі бар. Егер қажет емес десеңіз керек емес түрлерін өшіріп тастай аласыз.

Жылдам тексеріс арқылы компьютерді бірнеше минуттың ішінде тексере аласыз. Бұл уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Қара тізім және Ақ тізіміге файлдарды немесе айттарды салып қоя саласыз. Мысалы сіз бір файлда вирус жоғына сенімді болсаңыз оны Ақ тізімге қоса аласыз. Антивирус оны тексермейді. Сайтқа қатысты да солай егер қауіпсті сайтты тауып алатын болсаңыз қара тізімге енгізіп қойыңыз. Ғаламторға кірген кезде бауқаусыз ол сайтқа да еніп кетуіңіз мүмкін бұндай жағдайда 360 TS оны бірден блоктап тастайды.

Компьютерді жылдамдату. 360 Total Security антивирусы тек компьютерді вирустан қорғап қана қоймай оны жалдам жұмыс істетуге көмектеседі. Бағдарлама өзі қажет емес процестерді тоқтатып жүйені жылдамдата түседі, бұл компьютердің қатып қалуының алдын алады дей аламын.

Вирустық файл жойылмайды. Егер бағдарлама бір файлдан вирус табатын болса оны карантин деп аталатын жерге жібереді. Сол жерден оны жойып жіберуімізге немесе қайта қалпына келтіруімізге болады.

Қосымша құрал-саймандар бөлімі бар. Бұл жерде әр-түрлі функциялар бар:дискті сығымдау, браузерді қорғау т.б.

Осы жер арқылы жүктеп алуға болады.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
ТалгатНұрхатAbzal Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Abzal
Қонақ
Abzal

Рахмет

Нұрхат
Қонақ
Нұрхат

Дұрыс айтасыз! Өз басым осы қорғаныс жүйесін қолданам.Тиімді әрі оңай.

Талгат
Қонақ
Талгат

Бурын мен платный Касперский колданганмын ол да жаксы бирак компке коп нагрузка береди екен. Кейн осы антивирусты колдана бастадым 1.Антивирус 2.Оптимизация системы 3. Проверка безопасности браузеров и ен маныздысы 4.Очистка временных файлов Кыскасы 4 в 1м