Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Ағылшын тілін қалай үйренуге болады?

Сәлем, құрметті оқырмандар. Бүгін мен сіздерге ағылшын тілін меңгеруге арналған бірнеше кеңестер мен сервистер туралы айтамын, бұл сіз ойлағаннан қызықты.

Бірден айтып қояйын мен де ағылшын тілін қатырып білем деп айта алмаймын, бірақ үйреніп жүргендердің бірімін.

Неге ағылшын тілі?

Себебі әлем бойынша бұл тіл ең оңайларының қатарына жатады және меңгеруге жеңілдерінің бірі, сонымен қоса бұл аталған тілді білетіндер миллиардқа жуықтап қалады.

Екінші жағынан артықшылығы, қазіргі уақытта көптеген жұмыс беру орындары мен ірі компаниялар ағылшын тілін білетін қызметкерлеріне белгілі бір мөлшерде артықшылық береді. Егер сіз жұмыс істемесеңіз де, орналасу барсында ең жоқ дегенде бір саты жоғары тұрасыз.

Бізде көптеген мектептерде шет тілдерінен ағылшын және орыс тілдерін үйретеді. Себебі ағылшын тілі әлемдік деңгейді қолданылса, орыс тілі біздегі ресми іс-қағаздар тілі болып есептеледі. Егер сіз осы тілді меңгерген болсаңыз көптеген елде жүргенде тіл жағынан қиындық болмайды, толық білмесе де сәл түсінетіндер көп кездеседі.

Мектепте қанша уақыт оқытқанымен көбінің деңгейі «Hello» — дан аса алмайтыны белгілі, тіпті алфавитті білмейтіндері де бар. Мысалы сіз білесіз бе? Ағылшын тіліндегі алфавитте 23 әріп бар. Егер сіз иә деп жауап берсеңіз, сіз де солардың қатарынан болғаныңыз. Негізі 26 әріп.

Кез-келген тілді меңгеру үшін: көру, оқу, тыңдау және сөйлеу қажет. Бұл тілді меңгерудің қысқаша формуласы десем қателеспеймін.

Сіздің ағылшын тілінен деңгейіңіз қандай болса да оны жақсы түрде меңгеруге болады. Мен осы тұрғыда өзім қолданатын сервистер мен бағдарламалар туралы айтып берейін.

Puzzle English сервисі. Бұл өз қолданушыларына ағылшын тілін үйретуге арналған мүмкіндігі жоғары онлайн платформа. Сіз тіпті ағылшын тіліндегі әріптерді бұрын естіп көрмеген болсаңыз да бұл жерден меңгеріп алуға мүмкіндік бар. Қысқасы сізге де байқап көруге кеңес беремін. Айтып өткенімдей сервис өте танымал және функционалды, барлық мүмкіндігін айтатын болсам кітап жазуға болады.

Тіркелу үшін мына сілтемені басыңыз

Ағылшын тілін үйренудің келесі жолы ол ағылшын тіліндегі бағдарламалар немесе фильмдерді қарау. Түсінбей қарап, естігеннің өзінде сәл болса да ақпарат алуға болады, бастапқы уақытта айтылған сөзді түсінбек түгілі оны қайталап шығу да қиындық туғызады, ал ол жағдайдан құтылу үшін көбірек сөздер тыңдап құлақты үйрету керек. Бұл тұрғыда сізге аудио жазбалар көмектеседі.

Ағылшын тілінде таралған әндерге қарағанда, аудио жазбалар тиімдірек.

Келесі сізге көмектесетін әдіс, ақпаратты қағазға жазу. Қағазға жазылған кезде ақпараттарың мида ең жоқ дегенде 10% сақталады. Ағылшын тілінде үйренген жаңа сөздерді қағазға жау арқылы есте көп уақыт сақтауға болады.

Тіл меңгерудің ең тиімді тәсілі — сол тілде әңгімелесу. Мынадай бір қызықты теория бар: Егер адам басқа тілде сөйлейтін адамдардың арасында ғана жүретін болса, қаламаса да сол тілге бейімделе бастайды, тіпті өз тілін ұмытып қалуы да мүмкін. Бұны тиімді етіп пайдалануға болады, егер бір тілді үйренгіңіз келсе сол тілде сөйлейтін адамды тауып алып әңгімелесуге болады, тіпті соның айтқан сөздері сіздің миыңызға әсер етіп, тілді жылдам меңгеруге көмектеседі. Осының қасында қалған тәсілдер тек көмекші ғана.

Сізге пайдалы видео курстар

Мен жоғарыда айтып өткенімдей, өзім де ағылшын тілін жақсы білем деп айта алмаймын, маған да әрі қарай оқу керек. Осы тұрғыда тиімді тәсілдердің бірі видео сабақтар қарау, дәл осылай пайдалы ақпараттарды меңгеріп шығуға болды. Бұл жағынан да көптеген видео сабақтарды табуға болады. Мен өзім Ирина Колосованың видео курстарын ұсынамын.

Ағылшын тілінен видео курсты жүктеп алу

Ирина Колосованың youtube каналы

Бүгінше осы, келесі блогта кездескенше.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar