Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Акция тиімді ме әлде Депозит пе?

Бәріне сәлем, бүгінгі тақырып инвестицияның тағы бір түрі болып есептелетін депозит және акция туралы болмақ. Екі аталған түрі де табыстың пассивті түріне жатады. Сіз білесіз бе? Әлемдегі материалдық тұрғыда ең бай адамдардың көбі инвесторлар және сол арқылы пассивті табыс тауып отырғандар. Егер сіз осы туралы ақпарат алатын болсаңыз солардың қатарынан шығуыңыз мүмкін.

Ендеше тақырыпты әрі қарай өрбітейік. Пассивті табыс дегеніміз сіз араласпасаңыз да сізге табыс әкелетін жүйе. Егер сіз жұмыс істейтін болсаңыз ол пассивті табысқа жатпайды, себебі ақша табу үшін күнде немесе белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуіңіз керек болады. Ал пассивті табыс болса сізге күні бойы аяқты көтеріп қойып телевизор қарасаңыз да түсіп тұрады, тіпті ұйықтасаңыз да.

Ал енді негізгі тақырыпқа оралайық. Депозит пен акция пассивті табыс түрінің бірі болып есептеледі. Екеуінің де артықшылығы мен кемшіл тұстары бар. Депозит не екенін сіз білетін шығарсыз? Иә деп ойлаймын ал акцияның не екенін білмейтін болсаңыз мына блогты оқыңыз мен онда акция туралы жазып өттім.

Депозит – әртүрлі банктер халыққа ақшасын уақытша түрде сақтап және көбейтуге мүмкіндік беретін қызмет түрі. Дәл қазіргі уақытта кейбір банктер мысалы каспий банк, тұтынушыларға жылдық 15% — ға дейін ұсынып отыр. Бұл дегеніміз салған ақшаңыз жалына 15% — ға өседі деген сөз. Егер сіз 100 мың теңге салатын болсаңыз бір жылдан кейін оған 15 мың теңге қосылады. Әрине көп емес, бірақ өсіп отырады. Елімізде бұдан басқа да депозиттік қызметтерді көптеген банк ұсынып отыр: Каспий банк, Халық банк т.б. Депозит ашу қиынға соқпайды.

Енді сізде, сізде болмаса басқа біреуде сұрақ туындауы мүмкін. “Иә бұл түсінікті Ертай, бірақ оларға біздің ақшамызды көбейтіп бергеннен не пайда?” Сұрақ өте орынды шынымен не пайда? Оларға түсетін негізгі пайда несиеге байланысты. Қысқаша түрде айтатын болсақ Банктер біздің ақшамызды алып бізге 10-15% — бен көбейтіп беретінін айтып өттім, олар бізден алады да басқа беруге 30-40% — бен несие беріп үстінен пайда көреді. Сонда оларға 20-30% — дай пайда түседі.

Банктік жұмыс істеу жүйесі міне осындай. Егер сіз депозит ашуды ойлап жүрген болсаңыз ақшаңызды жоғалтып алуыңыз да мүмкін. Себебі оларға пайда несие арқылы түседі. Несиені алып қайтара алмай қалатындар тіпті көп, осының кесірінен оларға пайда түспей соңында банкрот болуы мүмкін. Оның үстіне біздің қазекеңдерді білесің ғой несиені алуын алып, итпен іздегенше жоғалып кетеді. Мен емес статистика солай дейді. Бұл енді депозит туралы болды.

Акция – пассивті түрде ақша табуға мүмкіндік беретін танымал жүйе. Бұның ешқандай банк пен депозитке қатысы жоқ. Сіз акция сатып алып ол арқылы ай сайын табыс табуыңызға болады. Яғни дивидент алып отырасыз және  акцияның өсімінен де жақсы табыс түседі.

Акция мен Депозиттің артықшылығы көп. Депозитте ай сайын тіпті жыл сайын қанша табыс түсуін тиынына дейін біле аласыз. Акцияда бұлай болмайды, себебі бұл тікелей сіз акция сатып алған компанияның табысына байланысты болады. Бірінші айда әр акциядан 1000 теңге табатын болсаңыз келесі айда 2000 табуыңыз мүмкін.Бұрын айтқан болатынмын қазір де айтайын елімізде Халықтық IPO бағдарламасы жүріп жатыр.

Бұл арқылы кез-келген тірі адам акция сатып алуына болады. Тірі деп отырғаным онда жас шамасы шектелмеген тіпті бір жасқа толмаған баланың атына акция сатып алуға болады. Ал акцияларын сатылымға шығаратын компанияларға келетін болсақ бұған кез-келгенін шығара бермейді. Болашағы жақсы деп болжанған және қазіргі уақытта өте беделді компаниялар өз акцияларының бір бөлігін сатылымға жіберді және алғашқы болып сатып алғандар дәмін көріп үлгерді.

Халықтық IPO бағдарламасына бірінші болып KazTransOil компаниясының акциясы сатылымға шықты. Сатылымға шыққанда, бір данасы үшін 750 теңгеге бағаланды. Алғашқы уақытта 30 мыңнан астам адам акция сатып алып акционер атанды. Көп уақыт өтпей оларға бір емес екі жақтан табыс түсе бастады.

Біріншісі ол – дивидент. Әр акция үшін акционерге 75 теңге дивидент төленді. Егер сіз 750 теңгеден 75 мың теңгеге 100 акция сатып алғаныңызда, бірден дивидент арқылы 7500 теңге табатын едіңіз. Бұл дегеніміз тіпті керемет көрсеткіш. Аз уақыттың ішінде салған ақшаның 10%-ы қайтарылды. Ал одан кейін көп уақыт өтті салған салым артығымен өтеліп жатыр дей аламыз. Мен ескертемін жоғарыда атап өткен дивидент тұрақты болмайды, тіпті бірнеше есе көп  шығуы мүмкін.

Екінші жағынан түсетін табыс ол – акция бағасының өсімі. Тағыда KazTransOil – ды мысалға алайын. Айтып өткенімдей алғашқы бағасы 750 теңге болды, бірақ біраз уақыттан кейін акция бағасы 13% — ға өсті. Иә бағасы шамамен 1100 теңгедей болды. Бұл дегеніміз сіз акцияны қайта сату арқылы пайда таба аласыз. 100 акцияны 75 мың теңгеге сатып алып 110 мың теңгеге сата аласыз деген сөз.

Осы орайда маған бір оқиға есіме түсіп отыр. Кезінде осы facebook әлеуметтік желісі ашылған кезде, яғни қазіргідей танымал болмай тұрған кезде шамамен 2004 жылдары оның акциясының бағасы қазіргімен салыстырғанда өте төмен. Бірде Шон Паркер(Facebook – тің дамуына үлес қосқандардың бірі) facebook компания ретінде қалыптаса бастаған кезде офиске сурет салдыруға бір адамды шақырады, яғни қабырғаға сурет салатын адамды. Жұмысты аяқтаған соң, соған беретін ақша таба алмай оның орнына сол кездегі facebook-тің 1000 доллар — лық акциясын береді. Оған әрине ашуланады, бірақ алмасқа шарасы қалмайды. Ал қазір сол акцияның бағасын білесіз бе? Осыншаға өсті: 200 000 000 доллар.

Әрине сену қиын, бірақ бұл акция. Оның қаншаға өсіп қаншаға төмендейтінін айту қиын. Әлем бойынша бір акциясының құны 100-200 мың доллар құрайтын компаниялар бар, олардың да бағасы осы 1-2 доллар емес, центтен басталды.

Ал енді көп созбай қорытынды жасайық, мен де мыжып кеттім бір. Сонымен мен анық түрде айта аламын акция тиімді. Себебін өзіңіз де түсінген боларсыз. Ал депозитке келетін болсақ ол аз өседі бірақ тұрақты, қысқасы одан көрі акция сатып алаған тиімді. Ал негізгі себеп шариғат бойынша өсімқорлыққа тиым салынған, депозитте соған жатады. Бұл тұрғыда ең дұрысы инвестицияның ең тиімді түрінің бірі болып саналатын акциямен айналысу.

Блог саңында айтып кетейін. Алдыңғы акция туралы жазбадан кейін менен сұрап жатыр: “Сіз акция сатып алдыңыз ба?” – деп. Жоқ мен сатып алған жоқпын, бірақ сатып алу ойда бар.

Келесі блогта кездескенше.

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
СəлімжанАйдар КузерНұрхат Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Нұрхат
Қонақ
Нұрхат

Оо рахмет Ертай! Осы иуралы айтама деп жүргем. Ойымды дөп басып жазыпсыз!

Айдар Кузер
Қонақ
Айдар Кузер

Керемет ✊️✋️

Сəлімжан
Қонақ
Сəлімжан

Атаңа рахмет