Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Ақылды карталар дегеніміз не?

Сәлем,  бүгін мен сіздерге бір пайдалы бағдарлама туралы айтамын. Бұл арқылы кез-келген болуы мүмкін жобаны, сонымен қоса жоспар құруға және де кейбір мамандық иелеріне өте пайдалы. Ендеше толығырақ оқыңыз.

Бұл тақырып ақылды интеллект карталар туралы, минт-карта деп те атайды, ал біз ақылды карта деп атап қарайық.

Кей жағдайда көптеген жұмысты визуалды түрде жоспарлаған үлкен пайдасын тигізеді. Менің айтарым түсініктерік болуы үшін төмендегі мысалдарға назар аударыңыз. Бұл жерде ақылды карталардың мысал ретінде бірнеше түрін келтірдім.

Бұны тағы қай жерлерде қолдануға болады?

Күндік, айлық, жылдық жоспарлар құру үшін

Жоғарыда келтірілген мысалдардан да түсінген боларсыз, бұл жерден барлығын визуалды түрде көруге болады, қай уақытта не істеу керек және қай күні екені көрсетілген. Дәл осындай түрде уақытты жоспарлап алуға болады, яғни тайм-менеджментте жақсы пайдасын тигізері сөзсіз.

Көптеген адамдар уақытын жоспарлағанда қарапайым қағазға немесе блокнотқа жауып қоюы мүмкін. Бұл тиімсіздеу, ал интеллект карталарда бәрі көз алдыңызда. Бұл екеуінің артықшылығы аз болып көрінуі мүмкін, бірақ адам істейтін жұмысын көз алдыны елестете алса өнімдірек және сенімділеу болады. Бұл ақылды карталарда бәрі солай етіп көрсетілген. Мен өз басып бұны әртүрлі жұмысты жоспарлау үшін қолданамын. Мысалы осы кезге дейін бірнеше электронды кітап жаздым, олардың жоспарын осы карталар арқылы жасаймын. Бірінші не жазу керек, одан кейін не жазу керек тағы басқа да мәселелерді шешуге болады.

Ұстаздарға тиімді

Мектеп, колледж, университетте сабақ беретін ұстаздар үшін бұл тиімді құрал. Сабақ беріп қана қоймай оның оқушылар үшін түсінікті болуы керек және қазіргі уақытта көптеген білім беру орындары заманауй түрде жабдықталып интерактивті тақталар қойылған. Дәл осыған орай ақылды карталар арқылы сабақты жақсы түсіндіруге болады және бұл қалғандарына қызықты.

Екінші жағынан бұл презентация үшін де тиімді. Әртүрлі слайдқа қосуға болады.

Оқушылар және студенттер үшін пайдасы

Бұл тек мектеп оқушыларына қатысты емес, студенттерге де арналады. Бұлардың барлығына ортақ іс, сабаққа дайындалып оны айтып беру. Көптеген білім мекемелерінде тақтаға сызып немесе қағазға сызып өзінің оқығанын айтып береді, көбіне ауызбен-ақ айта салады ғо осы. Бұл тиімсіз тәсіл.

Біріншіден, оқушы айтарын айтып болғаннан кейін өз де тыңдаған адамдар да аз уақыттан кейін ұмытып кетеді. Ал бұл тұрғыда тағы да ақылды карталарға жүгініп қарайық. Бұл арқылы айтылатын тақырыпқа жақсы жоспар құрып алуға болады.

Зерттеу бойынша көзбен көргенде ақпараттық біраз бөлігі және тыңдағанда біраз бөлігі миды сақталып қалады.  Егер ақылды карталар қолданылатын болса осы екі процесс те жүреді. Бұл жерде тиімді нәтиже береді. Оқушылар болса оны үйден жасап флешкаға салып әкелсе болады.

Ақылды карталарды қалай жасауға болады?

Бұны жасау өте оңай. Бірінші компьютерге осыны жасауға арналған бағдарламаны орнатып аламыз.

Бұның да бірнеше түрлері бар негізгі екеуін атайын: Mind Manager, XMind. Мен сізге Xmind – ты ұсынамын және оны өзім де қолданып жүрмін. Бұрын Mind Manager бағдарламасын қолдандым.

Орнатылғаннан кейін жұмысқа кірісе берсеңіз болады, әрі қарай қиындық жоқ, сізге түсінікті етіп көрсетілген.

Блог соңында бір маңызды жаңалық айтайын, мен үйленетін болдым, қалжыңдаймын, негізгі жаңалық тағы бір электронды кітап жазуды бастадым, біраз уақыттан кейін аяқтап қаламын.

P.S Менің telegram — нан канал аштым, сіз де қосылыңыз.

Келесі кездескенше.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar