Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Әлеуметтік желі табыс көзі ретінде

Қазіргі уақытта әлеуметтік желі кеңінен қолданылады. Оны біреуі ақпарат тарату үшін қолданса, тағы біреуі уақытын өткізу үшін қолданады. Ал біз осы әлеуметтік желі арқылы табыс табу туралы айтатын боламыз. Желі арқылы табыс табудың бірнеше түрі бар:

1. Жеке топ арқылы. Әлеуметтік желіде көптеген топтар бар. Бұл жерде табыс көзі тікелей топ аудиториясына байланысты. Мысалы сізде 5 мың адам жазылған топ немесе парақша болатын болса оған ақылы негізде жарнама сата аласыз. Осы тәсіл арқылы табыс табуға болады, бірақ ол үшін аудиториясы көп парақша немесе топ керек.

2. Тауар сату. Қазіргі уақытта әлеуметтік желіні ғаламтор дүкені ретінде қолданатындар бар. Бәрі қарапайым. Сататын тауарыңызды парақшаға орналастырып тапсырыс қабылдайсыз.

Бұл қазіргі уақытта көп қолдынылып жүрген табыс табу түрлері, сіз де байқап көріңіз.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar