Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Аудитория дегеніміз не?

Сәлем, құрметті блог оқырмандары. Бүгін аудитория деген сөзің мағынасына шолу жасаймыз. Жалпы бұл сөз кез-келген адамға қажет болады немесе бұның пайдасын осы блогты оқығаннан кейін түсінетін боласыз.

Білеміз, солай ма? Кез-келген ортаның өз аудиториясы болады. Мысалы қыздар мен жігіттердің әңгімесі әртүрлі болады. Жігіттерге қатысты айтылатын әңгімелер тақырыптық жағынан бір-біріне келе бермейді. Сондықтан кез-келген әңгіменің айтылу ортасы болады. Айтпағымыз бұл емес!

Аудиторияны ескеру не үшін маңызды?

Кез-келген ортада әңгіме айтылғанда оның сол аудиторияға келеме? келмей ме? соны ескеру маңызды екенін сіз де түсінетін шығарсыз. Мысалы  кемпір-шалдық ортасына барып алып, жарайды сыпайы түрде ата-әже дей берейін, аудиториясы осындай ортаға барып алып iphone 7 туралы әңгімені соғып отырсаң, қалай болуы мүмкін?

Аудитория қажеті болған кез-келген жерде ескерген дұрыс. Мысалы бизнесті алайық, бизнесмендер өз тауарларын жарнамалап табысты арттырып отырады.

Жарнаманы қалай жасайды? Әрине бірінші тауардың аудиториясын ескеріп шығуы керек. Елестетейік ол ерлер сағатын сатумен айналысады. Оның жарнама бергенде бірінші ескеретіні, оны көретіндердің ер адам болуы және жас шамасы 18 бен 35 жас аралығы деп алуға болады. Бұл көрсеткіштер тауардың түріне байланысты өзгеріп отырады.

Аудиторияға қатысты шағын мысал осы десек болады.

Жарнама үшін аудиторияның маңызы

Мен жоғарыда ғана аудиторияны ескеріп сағатқа жарнама жасау туралы айтып өттім. Негізі бұдан басқа да мысалдар өте көп кездеседі.

Сіз қандай да бір тауарды сатуыңыз мүмкін және сол үшін жарнама жасауыңыз мүмкін. Мысалы таргетингтік, контекстік немесе әлеуметтік желі арқылы. Ал сіз осындай жағдайда өз аудиторияңызды ескересіз бе? Мысалы әлеуметтік желідегі тек қыздар отыратын топқа, ерлерге арналған затты жарнамалау аудиторияны ескермеген болып есептеледі.

Жарнама жасағанда, осы саланың мамандары бірінші аудиторияны зерттеп алады. Мысалы ол қызмет түрін немесе сатылатын тауарды жарнамалауы мүмкін. Біз тек өз аудиториямыздың бірнеше ерекшелігін ғана айтып өттік. Негізінде жан-жақты зерттеген дұрыс.

Жарнама саласының білгір мамандары осыған аса мән береді. Мысалы жарнаманы көретін аудиторияның жас шамасы, жынысы, тұратын жері, ұстайтын телефоны, қызығушылықтары, мамандығы, түнде қорылдай ма?, қандай көлік мінеді, жарнама жасалатын заттың түріне байланысты осындай сұрақтардың жауабын зерттеп алған дұрыс. Бұл аудиторияны дәл болжауға көмектеседі.

Сөйлеу аудиториясы

Аудитория дегеніміз не екенін толық түсіндіңіз деп ойлаймын, себебі менің оқырмандарым сондай ақылды. Ал енді сөйлеу аудиториясы туралы бірер сөз айта кетейік.

Кез-келген әңгімені де тыңдаушының аудиториясына сай айтқан дұрыс. Оған жоғарыда мысал да келтіріп кеттік. Оған тыңдаушының жасы, көзқарасы және басқа да көптеген факторлардың әсер етуі мүмкін. Мысалы 4 сыныптың баласына саяси әңгіме айта алмайсың. Қарт кісілерге жаңа технологиялар туралы айтқаныңмен көбі түсіне бермейді. Оған мамандықта кіреді. Мысалы бишіге, электриктер түсінетін тақырыптағы әңгімені айта алмайсың.

Сөз сөйлеу барысында ескерілетін мәселелер осы.

Ендеше құрметті оқырман, бүгінше осы келесі кездескенше.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
PeterEmoth Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
PeterEmoth
Қонақ
PeterEmoth

<a href=http://writepapersonline.org>college essay for admission</a>

http://writepapersonline.org