Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Автопостинг қызметтерін қолданып білесіз бе?

Сәлем, құрметті оқырман.

SMM – маркетингті көптеген сала қолданып жүр, тиімді жақтары да көп. Әсіресе бизнесте немесе қандай да бір ақпаратты таратуға SMM – маркетингтің орны ерекше. Осыны түсінген көптеген компаниялар мен мекеме, ұйымдар өздерінің парақшасын әртүрлі әлеуметтік желіден ашып тастаған. Біздегі ең белсенді қолданылатындары: facebook, Instagram, twitter, вконтакте. Бұдан басқа да кейбір әлеуметтік желілер бар, өзім қолданбағасын аудиториясы қандай екенін біле бермеймін.

Кез-келген әлеуметтік желіден ашылған парақшаның немесе топтың өзіндік мақсаты бар. Мүмкін әртүрлі ақпараттарды тарату, мүмкін әркелкі тауарларды алға жылжыту, жалпы қызметтері көп.

Басқа да қолданушыларды қызықтыру үшін немесе аудиторияны арттыру үшін оларды тұрақты түрде жүргізіп отыру қажет. Егер олай болмаған жағдайда, одан келетін пайда шамалы, себебі жазылушылар саны төмендеп, мүмкіндігі азаяды.

Мен жаңа ғана жазып өткенімдей кейбір адамдар көптеген әлеуметтік желіде парақшаларын жүргізеді немесе кәсіп орындар. Осылай өз аудиториясын қалыптастырады.

Ал енді ең қызығы автопостинг туралы әңгіме қозғайық. Бұл SMM – маркетингте таптырмас құрыл. Жоғарыда айтып өтілгендер жәй кіріспе болатын, негізгі тақырып осы. Сонымен автопостинг дегеніміз не?

Автопостинг – қандай да бір ақпаратты, кез-келген уақытты автоматты түрде шығару немесе бір жерден көптеген әлеуметтік желіге ақпаратты бірден жіберу.

Егер түсінбеген болсаңыз мысал келтірейін. Мысалы сіздің 5 әлеуметтік желіде парақшаңыз бар, ал сізге бір ақпаратты бәріне жіберуіңіз керек. Бұндай жағдайда қолмен әр қайсына жазып шығуға болады, бірақ бұл ыңғайсыз тәсіл. Егер автопостингті қолданатын болсаңыз бір рет жазып, барлығына бірден жіберуге болады. Яғни бір мәтін жіберу керек болса, бір батырманы басасыз да, facebook, twitter, Instagram сияқты әлеуметтік желінің барлығына жіберуге болады.

Қандай автопостинг сервистері бар?

Бұл аталған автопостинг жасауға көмектесетін сервистер соңғы уақыттары көбейе түсуде, егер ғаламторға жазып қалсаңыз толып шығатынына сенімдімін. Бірақ санның ішінде де сапа бар екенін ұмытпаған, кейбіреулерінің функциялары жұмыс істемесе, кейбіреуінің дизайны жұмыс істеуге ыңғайсыз. Тағы бір дүниені айта кетейін, бұл да бизнес десе болады. Себебі кейбір көп функционалды осындай сервистер ақылы негізде және тегін түрінде кездеседі.

Ал енді автопостинг жасауға арналған бірнеше сервистерге тоқталайық. Мен де осы аталған түрлерін қолданып көрдім.

KUKU – ең танымал түрлерінің бірі. Көптеген әлеуметтік желідегі парақшаларды, топтарды қосуға болады және бірден бірнеше жерге жылдам түрде жазбаларды жібереді.

Егер сіздің жазбаңызда қандай да бір сілтеме енгізілген болса, автоматты түрде қысқартатын қызметі бар, бұл кебір жағдайларда өте тиімді. Мысалы жазбадағы сілтеме ұзын болса, оны басып әрі қарай өтетін адамдар аз болуы мүмкін, яғни бұл көзге біртүрлі көрінеді. Сондықтан сілтеменің қысқартылуы бұл – тиімді.

Amplifr – біріншісіне қарағанда функционалды, бірақ бағасы қымбаттау. Дегенмен тегін нұсқасы бар. Дизайны қолдануға ыңғайлы және SMM – менеджерлер үшін пайдалы құрал жабдықтары бар.

SMM – маркетинг дәл қазіргі жағдайда өз тиімділігін дәлелдеуде. Ал осындай қызметтердің болуы интернет-маркетингтің дамуына үлес қосары сөзсіз.

Егер сіздің әртүрлі әлеуметтік желіде топтарыңыз немесе парақшаларыңыз болса, автопостинг қызметтерін қолдануды ұсынамын. Бұл бірінші жағынан уақытты үнемдейді, екінші жағынан ыңғайлы, ал үшінші жағынан бұл заманауй технология, неге қолданбасқа?

Брайан Трейси айтады: “Кім жаңа технологияны өз ісінде қолданады, сол жетістікке жетеді.” және бұл оның ұстанымы ретінде қалыптасқан.

Жазба соңында, бірнеше жаңалықтармен бөлісе кетейін:

 

Блогинг бойынша кітап. Біреуін жазғаннан кейін тағы бір тақырыпта электронды кітап жазуды бастадым, осы бүгін ғана интеллект – карталар арқылы жоспар жасап қойдым. Біраз уақыттан кейін дайын болып қалады. Негізгі тақырыбы блоггинг туралы. Қалай блог ашуға болады? Қалай блог жазу керек? деген сияқты тақырыптарды қамтиды. Негізі бұл туралы жазамын деп көп ойламаппын, себеп болған, маған әлеуметтік желі арқылы келетін хаттар, хаттардың біразында қалай блог ашуға деп сұралған.Осыны ескере келе блоггинг туралы кітапты жазғанды дұрыс көрдім. Осыған қатысты негізгі сұрақтарды электронды кітапта қамтимын.

Сайттағы қызық функция. Жақында, жақында болғанда осы жылы бірнеше веб технологиялармен айналысып біраз тәжірибе жинадым. Соның бірі блогымдағы құттықтау функциясы. Егер байқаған болсаңыз сайттың оң жағында белгілі бір адамдарды туылған күнімен құттықтайтын жағын орын пайда болды.

Бұның жұмысы өте қарапайым. Егер сіз менің вконтакте әлеуметтік желісіндегі достарымның тізімінде тұрған болсаңыз, сізді де осы жерге шығарады, әрине туылған күніңіз болған күні.

Енді қызықты видеоны тамашалаңыз, бұл туралы сіз не ойлайсыз?

Бүгінше осы келесі кездескенше.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar