Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Айтуға жеңіл электронды почта ашып алыңыз

Сәлем, бүгінгі тақырып электроны почтаны ашу туралы емес, керісінше қалай айтуға жеңіл почтаны ашуға болады сол туралы болмақ. Сіз білесіз бе? кей жағдайларда телефон арқылы өзіңіздің электронды почтаңызды біреуге айтуға туралы келетін жағдайлар туындайды.

Мысалы сізге жұмыс беретін компания телефон соғып кездесуге шақырады, бірақ сіз түйіндемеге почтаңызды жазуды ұмытып кеткенсіз.

Сондықтан сізге айтады: “Сәлем, ….. Сіздің түйіндемеңіз бізге ұнады, біз сізді кездесуге шақырамыз. Кездесу уақыты сіздің электронды почтаңызға жіберіледі, бірақ мына жерде сіз оны көрсетуді ұмытып кетіпсіз қазір маған айтыңызшы.” Негізгі қиындық туғызатын осы жағдай.

Егер сіздің почтаңыз: UsErnewYear_65@mail.ru болса оны телефон арқылы жеткізуді ойлап көріңіз. “U ағылшынша s үлкен E қазақша E -ші.” Тіпті осыны айтып тұрған адамыңыз ағылшынша әріптерді мүлде білмеуі де мүмкін, сөйтіп мекен-жай қате жазылады да сіз жұмыстан айырылып қалуыңыз мүмкін. Ал жұмыс беруші сізге шақырту жібердім деп ойлайды. Жеңіл әріптерді қолданғанның өзінде  қате кету ықтималдылығы бар. Енді осы жағдайдан шығудың жолын білгіңіз келсе әрі қарай оқыңыз.

Әріпке қарағанда санды айту оңай сондықтан осы мәселені сандардан құралған почта арқылы шешуге болады. Мысалы: 7746385@gmail.com. Айтуға оңай және телефон арқылы да басқа біреуге жеткізу жеңіл. Тағы да бір кеңес сандардың орнына өзіңіздің телефон номеріңізді жазып қоятын болсаңыз айту қажет болған уақытта ұмытып қалмайсыз, өз телефон номеріңізбен бірдей болса жеңілірек болады.

Бүгінше осындай пайдалы кеңес, келесі кездескенше.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
НакокоНұрхат Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Нұрхат
Қонақ
Нұрхат

Өте пайдалы пост болды. Маған көмегі тиері анық

Накоко
Қонақ
Накоко

Керемет лайфхак екен, дереу сандардан құралған электронды почта ашу керек екен )))