Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Қазақстандық Youtube – ті қалай дамыта аламыз. Қалай видео түсіруді бастаймын?

Ассалаумағалейкум.

2017 жылдан бері, Youtube – ке видео тұрақты түрде видео түсіремін. Байқағаным үйретіп жатқаның, адамдарға өте қызықты және үлкен пайдасын тигізіп жатыр.

Айталық IT саласы бойынша каналымдағы видеоларды қарап, алғашқы сайтын жасап жатырғандар бар.

Кез — келгеніміз осылай жасай аламыз. Бастағы біліммен бөлісіп, Қазақстандық ютубті дамытатын болсақ, халыққа тиімді. Білмеген тұсын, сізден үйренеді.

Түсінбегін затыңды жазып қалсаң, қанша видео шығады. Кез-келген тақырыпта. Қазақ тілінде жазсаң олай емес.

Қандай пайдасы бар?

Сіздің түсірген видеоңызды қараған адам да сауаттана түседі. Халықтың білімді болғаны, артық емес.

Тегін сабақтар саласыз. Толығырақ үйренгісі келетіндер міндетті түрде болады. Онлайнда ақылы түрде, сабақ бере аласыз. Өзіме де, осылай хабарласты.

Ілім үйрету – садақа. Қандай жақсылық боласын, міндетті түрде  қайтады.

Қандай тақырыпта түсіремін?

Айтып отырғаным – қараған кезде, ешқандай пайда бермейтін видеолар туралы емес. Керісінше пайдалы – контент.

Айталық аспаз болсаңыз, сол бойынша түсірсеңіз болады.

Ал компьютерлік ойындар, прикол, пранк дегендерді ұмыту керек.

Қай тақырып өзіңізге ұнайды және тәжірибеңіз бар, соны жасаңыз.

Қалай бастаймын?

Сапалы видео – қымбат камера мен керемет монтаж емес. Ішінде айтылатын дүние қызық болмаса, оның пайдасы жоқ.

Телефонның камерасымен түсіруге болады. Қолыңыздағы телефондар, камерадан төмен емес.

Өзім, дәл қазіргі уақытта 100% компьютердің экранымен түсіремін. Яғни скринкаст. Алдағы уақытта видео форматқа көшемін.

Монтаж жасау үшін, телефон да жарайды. Қалай жасайтынын Youtube – тен қараңыз.

Жалғасы келесі, жазбада болады.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar