Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Бағдарламашы болуы үшін, мына 3 қасиет жеткілікті

Ассалаумағалейкум құрметті достар. Менің атым – Ертай Қуанышов. Бүгінгі тақырыпта, қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие – бағдарламашы мамандығына қандай адамдардың баруы керектігі туралы айтатын боламын.

Менде бұл жағынан 3 жылдан астам тәжірибе бар, осы уақыт аралығында көптеген веб және мобильді технологиялармен жұмы жасадым, жалпы айтатын болсам бағдарламалау әлемі өте қызықты. Мысалы сайтты басынан бастап жасап алуға болады немесе мобильді қосымшалар деген сияқты.

Шамасы мамандыққа қызығатындар, аз емес. Бірақ мен қандай адамдардан жақсы бағдарламашы шығатыны туралы айта кетейін. Бірақ ескертем, менің айтатындарым, физиканың қатып қалған формуласы емес, әртүрлі жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін. 🙂

Логикалық ойлау

Егер сіздің логикалық ойлау жүйеңіз жақсы болатын болса, онда сізден жақсы бағдарламашы шығуы әдбен мүмкін. Себебі кез-келген бағдарламаны жасау үшін, үлкен логика қажет болады. Бұл ең маңыздыларының бірі әрине.

Бағдарламалау дегеніміз бұл – үлкен логика. Сондықтан сіз есептеу жағынан мықты болсаңыз, бұл салаға да тез ене аласыз. Бірақ шынымды айтайын, мен мектеп кезінде математика жағынан тек 8 –ші сыныпта ғана жақсы оқығанмын, бас сыныптардың бәрінде, тыңдарман болдық қо! 🙂

Дегенмен байқағаным, бұл сала математикамен тікелей баланысты.

Ағылшын тілі

Бағдарламалау тілдері өте көп және оларға ортақ қасиет – барлығы ағылшын тілінде. Сондықтан сәл де болса, ағылшын тілінен біліміңіз болса, бұл сізге жақсы көмектеседі. Оны аталған саламен айналысып көрсеңіз түсінесіз.

Табандылық

Жоғарыда атап өткендерім – қосымша ғана. Ал ең бастысы – табандылық. Себебі бұл анау-мынау дүние емес, өте көп ізденіс пен тәжірибені талап етеді, жақсы нәтиже шығару үшін, бір жылдай ізденуіңіз керек болады.

Егер жоғарыда аталған екеуінен мықты болып, бірақ табандылығыңыз жоқ болатын болса, онда бағдарламашы боламын деу айту қиын. Ал математика мен ағылшын тілінен төмен болып, бірақ табандылығыңыз мықты болса, онда сізден жақсы бағдарламашы шығады деп айтуға болады.

Осы аталған үшеуі сізге, осы саланың білгір маманы болуға көмектеседі.

Бағдарламалауға қыздар жақсы дейді!

Осы сөзі бірінші рет естіген кезде, қатты күлгенім бар, бірақ тәжірибе жүзінде жігіттерге қарағанда, қыздар бағдарламалауға жақсы болады екен, бұны тәжірибе көрсетіп отыр.

Әлемдегі кез-келген атақты жүйені алатын болсақ, мысалы facebook, twitter, Instagram, whatsapp, telegram барлығын ер адамдар жасаған. Бұл қыздардың бағдарламалауға жақсы болғанымен, үлкен жобаларға бара бермейтінін көрсетеді, сонымен қатар, осы салада жүрген қыздардың үлкесі аз, себебі оларда табандылық қасиеті мықты болғанымен, неше түрлі миды ашытатын коддтармен жұмыс жасағысы келмейді.

Бүгінге осы, келесі жазбада кездескенше.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Курал Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Курал
Қонақ
Курал

Жарайсың ! Осындай керек ақпараттарды көбейте бер алға