Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Бизнес бастаудағы ережелер

Бизнес әрқашанда табыс табу мақсатында жасалады. Сол бизнеспен айналысқысы келетіндер көптеп кездеседі бірақ қандай бизнес тиімді деген сұрақ туындайды.

Бизнес жасар алдында басқа бірудің бизнесі табысты екен немесе соның жағдайы жақсы сол сияқты бизнеспен айналысамын деп ойлау қате. Әрине сіз ол саладан хабарыңыз болса бұл өте тиімді, бірақ сол сала бойынша біліміңіз болмаса бұл сіз ді банкрот қылуы мүмкін. Бастысы табысты саланы таңдау емес, сіз қай саланы жақсы білесіз немесе неге икеміңіз бар соны анықтап алаңыз, бизнесті табыссыз немесе табысты қылатын бұл сіз өзіңіз. Содан соң барып сол арқылы қалай табыс табамын деп өіңізге сұрақ қойыңыз. Бұл басты ереже. Ал қалған бинесті алға сүйреуге көмектесетін ережелермен таныс болыңыз.

Бизнес бастарда қасыңызға бір немесе бірнеше адамды ерітіп алыңыз. Сонда мәселелерді шешу оңайырақ болады және бірнеше жұмысты бөлісіп істесеңіз тез бітеді.

Бизнеске кірісерде барлық мәселелерді ұмытыңыз, тек қана жетіле түсіңіз. Көптеген жастар бизнеске икемі бола тұра ойынан бас тартады. Негізгі себептер: қаржы жетіспеушілігі, жұмыс істеуге орын таба алмауы. Мен сізге айтайын бұл ешқандай себеп емес. Кезінде Microsoft пен Apple компаниялары да өз жұмысын ескі гаражда бастаған. Екеуі де басында екі адам болып бастаған. Ал қазіргі уақытта олар әлемдегі беделді алпауыт компаниялар.

Тек алға жылжыңыз. Бастысы қандай жылдамдықпен қозғалғаныңыз емес тек тоқтап қалмаңыз.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar