Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Блог жазуға арналған 10 сала. Егер идеяңыз жоқ бола…

Ассалаумағалейкум.

Блог жазумен айналысқыңыз келеді. Қандай салада жазуды білмейсіз. Осыған арналған 10 саланы ұсынамын. Халыққа пайдалы және қызықты.

Мынаны ескеріңіз. Өзіңіздің тәжірибеңіз бар саланы таңдауды ұсынамын. Орналасу ретіне мән бермеңіз. Есіме түскені бойынша жаздым.

Жаңа технологиялар

Жаңа компьютерлер, телефондар. Жасанды сана, робототехника секілді тақырыптар. Тұрақты түрде блог жүргізетін адамды көрмедім.

Отбасылық тақырып | Ерлерге арналған

Америка, Ресей секілді елдерде ерлерге отбасылық кеңестер жазатын блогерлер бар. Бізге де керек.

Айталық әйеліңе қандай сыйлық жасауға болады? Ренжіскен жағдайда не істеймін? Қандай мерекеде қалай құттықтау керек? Әйелдер психологиясы.

Интернет маркетинг

Маркетинг бұрыннан бар, интернет – маркетингсіз бизнес болмайды. Тәжірибесімен қазақша пайдалы ақпараттар беретін адамдар жетіспейді.

Заңгерлік кеңестер

Қазақ тілінде заңгерлік блог жазатын адамды көрмеппін. Егер шығатын болса, оқимын. Заңгер болсаңыз, жазып көріңіз.

Бизнес блог

Кәсіп туралы жазатын болса, адамдарға қызықты. Нені қалай жасау керек, не істеу керек? Осылардың бәрі. Аталған тақырыпта жазатындар бар, бірақ көп емес.

 

Жеке даму

Жеке даму бойынша жазатын кісілер бар. Дегенмен көбірек ақпарат керек. Жеке дамусыз, ойлағаныңа жету қиындау.

Саясат қарапайым тілмен

Саясатты сынайтындар, facebook – та мыңдап отыр. Керегі қарапайым тілмен, не бұрыс. Дұрыстау үшін не істеген дұрыстау. Осы туралы жататын блогер керек.

 

Отбасылық тақырып | Әйелдерге арналған

Жоғарыда айтылған ерлердікімен бірдей. Айталық күйеуіңіздің көңілінен қалай шығуға болады? Қандай тағамдар жасаған дұрыс? Жүктілік, Ақшаны дұрыс жұмсау, әртүрлі рецепттер, бала тәрбиесі.

 

Саяхат

Шет ел болуы шарт емес, Қазақстанның өзінде саяхат жасайтын болсаңыз, жазуға болады. Барған жеріңіздің туралы ақпарат, қонақ үйлері, мейрамханасы. Егер шет ел болса, халқы, мәдениеті, қызықты жерлері, тағамдары.

 

Ұстаз блогы

Тәжірибелі ұстаздар бар. Өз тәжірибесімен блог арқылы бөліссе, қалғандарына да пайдалы. Ұстаздар көп, бірақ блог жазып жүргенін білмейді екенмін.

 

Қандай тақырып болсын, өзіңіз түсінетін және тәжірибеңіз бар сала болсын. Әрине тақырып ұнамаса жазу керек емес.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar