Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Бұны қарапайым халықтың 95% білмейді: Банк туралы шындық!

Сәлем, құрметті достар.

Алдында дүкенде жүрсем, бір оқиға болды. Жәй өзіме қажетті заттар іздеп электроника дүкенінде жүргем, бір орта жастан асып кеткен кісі сауда жасап жатқан екен.

Ол дүкенде кез-келген электрониканы несиеге рәсімдеуге болатыны түсінікті шамасы әлгі кісі де солай жасап жатыр. Сол арада, несие рәсімдеп отырған менеджер қыз, сауда жасап жатырған әлгі кісіге, қосымша түрде өздерінің беретін ақшалай кредиттерін пихать етіп жатыр.

“Біз де осындай — осындай, осынша алсаңыз, осынша болады” – деген сияқты қылып. Әңгіме тыңдап тұрған мен жоқ, дүкен шағын болғасын қаламасаң да естисің.

Сосын әлгі кісі: “Маған осынша уақытқа, керек” – дегендей қылды.

Сосын әлгі банк менеджері: “Егер осынша, уақытқа алатын болсаңыз, біз сізге телефонды тегін қосып береміз” – деді, ал әлгі кісі болса, осы үшін келіскендей болды. Әрі қарай айтудың керегі жоқ.

Ал енді ойлап көріңізші, тегін беріліп тұрған телефон үшін банк айтқан уақытқа несие алған дұрыс па? Менің есептеуім бойынша бұл тіпті күлкілі және ақымақтық.

Байқайтын болсақ, елдің қазіргі уақытта экономикалық тұрғыда сауаттылық деңгейі төмен, тіпті болмайтын жемтікпен — ақ, кез-келген адамды Банктер қармағына ілетіндей жағдайда отыр.

Жарайды алатын болса, алсын, сонсыз –ақ, Банк біздің ең қамқор туысқанымыз. Жаяу жүріп, аяғы ауырмасын деп, көлік беріп жатыр, қалтасы бос болмасын деп, миллиондарын беруге дайын, онымен қоса заманауй түрде өмір сүрсін деп, бүкіл техниканы беруге дайын, қандай жомарттық.

Бұның да тегін дүние емес екені белгілі. Жоғарыда әңгімеге оралайық. Дәл қазір есептеп қарайықшы. Егер банк айтқан мерзімге несие алатын болсаңыз, сізге пайда бар ма?

Айталық сізге, 1000 000 теңге, балаңызды оқыту үшін керек деп алайық, ну жарайды балаңызға той жасау үшін керек деп алайық, сәл шынайы болсын.

Сізге бұл ақша, 1 жылға керек. Ал Банк айтады: “Егер 3 жылға алатын болсаңыз, біз сізге телефонды сыйлыққа береміз” – деп. Әрі кетсе 40 мың теңгелік телефон береді.

Кез-келген банкте алған несие үшін жылына, орташа түрде 30% үстеме қосылады. Біз орташа түрде алайық.

Енді есептейік, егер сіз осы ақшаны 1 жылға несиеге алатын болсаңыз:

1 169 845,52 тг  — қылып қайтарасыз.

Ал егер банк айтқандай 3 жылға алып, телефонды сыйлыққа алсаңыз:

1 528 256,76 тг – қылып қайтарасыз. Жарайды телефонның бағасын алып тастайық.

1 528 256,76 – 40000 = 1 488 256,76 тг.

Егер несиені 1 жылға алғаныңызда, 358 411 тг қалтаңызда қалатын еді.

Көріп тұрғанымыздай, Банк бізге жақсылық ойлайды екен. J

Бүгінше осы, әлі кездесеміз. Бәріміз де банктен осындай үлкен жақсылық көре берейік. J

13
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
7 Цепочка комментария
6 Ответы по цепочке
1 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
7 Авторы комментариев
Ертай ҚуанышовДанагүл.WalterCallyЕртайErtai Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Жамбыл
Қонақ
Жамбыл

Тамаша. Ғибрат аласың

Ertai
Қонақ
Ertai

Рахмет!

Ertai
Қонақ
Ertai

Рахмет!

Досбол
Қонақ
Досбол

Негізі халықтың банк туралы сауатын ашу үшін тегін кеңес беретін иə болмаса үш күндік немес бір апталық оқыту орталықтарын ашу керек сияқты. Қаншама тағдырлар сол банктің кесірінен зардап шегіп, тіпті кейбіреулері өз-өзіне қол салуға дейін барып жатыр.

Ешкім
Қонақ
Ешкім

Иа. Сен халықты қайдан білесің? Ешкім еріккеннен несие алмайды ғой. Түк білімің жоқ болсада білгішініп кешкедейін жаза бересің. Басы басталмай жатып, оның аяғы жоқ. Жазасың ба əдемілеп жаз не мынау.

Айман
Қонақ
Айман

Дәл қазіргі уақытта халықтың экономикалық сауаттылығын арттыру керек, ешкім де ерікеннен несие алмайды дегені өтірік, біреудің пайдалы іс үшін несие алғанын өз басым көрмеппін.

Ertai
Қонақ
Ertai

Айман, дұрыс айтасыз, сізбен толық келісемін. Бірақ бәрі уақытша екені қуантады.

Айжан
Қонақ
Айжан

Өте дүрыс айтасыз, Ертай. Осыны да ойламай айтқанына келісе салатындар көп.

Ертай
Қонақ
Ертай

Бұл өте, өзекті мәселе.

WalterCally
Қонақ
WalterCally

<a href=http://dom-48.ru/hot-shapers/bridzhi-dlya-pohudeniya-hot-shapers-razmeri-hanti-mansiysk.html>бриджи для похудения hot shapers размеры ханты-мансийск</a>

Усиливают потоотделение в 4 раза
У вас уменьшатся объемы в ненужных местах, а мышцы станут более рельефными.

Изготовлены из ткани NEOTEX
Её внутренний слой усиливает работу потовых желез, наружный — впитывает пот, не давая ткани промокать.

Комфортны в повседневной жизни
Они не заметны под одеждой, не пропускают пот и не оставляют следов на теле.

Читать полностью <a href=http://dom-48.ru/hot-shapers/hot-shapers-otzivi-vladimir.html>hot shapers отзывы владимир</a>

http://dom-48.ru/hot-shapers/hot-shapers-novosibirsk-1.html
<a href="http://dom-48.ru/hot-shapers/odezhda-hot-shapers-omsk.html">одежда hot shapers омск</a>

Данагүл.
Қонақ
Данагүл.

бұлай желінетінін ягни несиені толеп бітіру уақытын узарткан сайын банк үстеме пайыз косатынын халық білед,меніңше.сонда да толеуге жеңілірек жағын қарайды да сол узақтау мерзімге алады.Дегенмен де қарыздың аты қарыз!Қазақ халқы несие алмай той жасап,баспаналы болатын жағдайға жетсін деп тілеймін!