Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Скринкаст дегеніміз не және оның түсірудің 3 құпиясы

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Бұл әдеттегідей – Ертай. Бүгінгі тақырыпта, таза тәжірибеге негізделген ақпараттар беремін. Ол – скринкастинг.

“Бұл не өзі?” – деген сұрақ туындайды, егер батыстан болсаңыз: “Нізат ол?” – деуіңіз мүмкін. 🙂

Скринкаст дегеніміз – компьютердің экраны арқылы жасалатын видеолар. Мысалы мендегі барлық видеолар осылай істелген. Жәй ғана арнайы бағдарламаны іске қосамын да, компьютердің экраны арқылы, қандай да бір ақпаратпен бөлісемін.

Яғни бұны – скринкастинг дейді. Бұндай видеоларда адамдар өздерін көрсетпейді, тек даусы естіліп тұрады және видеода экран ғана.

Толық оқу

Tilda сервисімен сайт ашамыз. Қалай сайт жасауға болады?

Сайтты қалай жасауға болады?

Тида сервисі арқылы сайт жасауды үйренетін боламыз. Бұл арқылы сайт жасау үшін, артық білімнің қажеті жоқ, тек азырақ уақытыңызды бөлсеңіз болады, бәрін қолжетімді.

Толық оқу

Блогер боламын десеңіз. Блогерлер жіберетін сұмдық қателер!

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Бұл әдеттегідей — Ертай.

Бүгінгі видеода мен, қалай блогин дегеніміз не және оның қандай пайдасы бар және кейбір блогерсымақтар туралы айтамын. Егер блог жазумен айналысатын болсаңыз немесе айналысқыңыз келсе, соңына дейін қараңыз.

Толық оқу

Веб — бағдарламашы (программист) болғың келсе. Бағдарламашы болу үшін, осыларды білу керек

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Менің атым — Ертай Қуанышов. Бүгінгі видеода мен қалай веб — бағдарламашы болуға болады? — сол жағына тоқталатын боламын.

Егер білетін болсаңыз, Қазақстанда бағдарламашылар сұранысқа ие және маман жетіспей жатыр. Сондықтан бағдарламашы болғыңыз келсе, видеоны міндетті түрде қараңыз.

Толық оқу

Сайтты қалай жасауға болады? Егер мен ештеңе білмесем немесе жасым үлкен кісі болса!

Қайырлы күн! Бұл әдеттегідей – Ертай.

Сайт жасау, осы постты оқып отырғандардың көбін қызықтырады. Сан жүзінде қарайтын болсам, менің ютубтегі каналымда сайт жасауға қатысты видеолар ең көп қаралған екен және де осыған қатысты электронды почтама да жазғандар болды, сауалнама жасап қарап едім, біразы осыған дауыс берген.

Толық оқу

Дыбысты қалай өңдеуге болады? Шумды жою, компрессия, дауысты көтеру!

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Менің атым — Ертай Қуанышов.

Кез-келген видео болсын, қандай да бір аудио файл болсын дауысты реттеу өте маңызды. Мысалы біз сапалы микрофонның өзімен жұмыс жасағанның өзінде, ол керек емес шумдарды өзіне қабылдап алады.

Толық оқу

Универ оқымай-ақ, меңгеруге болатын, табысы 100 000 — нан жоғары 3 мамандық!

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Сіздермен бірге, әдеттегідей – Ертай. Жалпы соңғы уақытта мәтіндік блогтар жазбай кеттім, көбіне сол: фотошоп, сайт жасау, it саласы туралы біраз видео сабақтар ғана жасаған болатынмын, ал бүгін мәтіндік форматта жазғанды дұрыс көрдім.

Енді бүгін, мамандықтар туралы блог болады. Мамандық болғанда қалай? Дәл қазіргі уақытта Университеттің көмегінсіз-ақ өзіңіз меңгеруге болатын, керемет салалар.

Толық оқу

HTML жаңадан бастаушыларға — #6 — Сайтқа сурет қою

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Менің атым – Ертай Қуанышов. Бүгінгі html сабақтар сериясын жалғастырамыз, бүгінгі html тілі бойынша сабақта мен, сайтқа суретті қалай қоюға болатынын көрсетемін.

Толық оқу