Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Бірнеше ірі сайтты бұзғандығым туралы шағын оқиға! Осы үшін қанша жылға сотталдым?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Менің атым – Ертай Қуанышов. Бүгінгі тақырыпта бірнеше қызықты оқиға туралы айтамын. Әрине менің айтатын тақырыбым – киберқауіпсіздік туралы болмақ.

Жалпы мынадай жағдай, мен шамамен 17 жасымнан бастап компьютерлік бағдарламалаумен айналыстым. Әрине одан кейін, яғни осыны біраз меңгеріп алғаннан кейін, хакизм, киберқорғаныс деген сияқты дүниелерге қызығушылық болды. Айтпақшы осы туралы, кітап жазған болатынмын.

Толық оқу

Қоғамдағы 3 түрлі жағдайға, 3 түрлі, жеке ой. Сіз қалай ойлайсыз?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Жалпы алатын болсам, біраз пост жазып тастаппын, мәәәә деп қалдым, есептеп қарап. Өзіңіз де білетін шығарсыз, мен көбіне қазақ тілінде сирек кездесетін, тіпті кейбір жоқ тақырыптарда видеолар мен жазбалар дайындаймын.

Блогинг дегеніміз, мүмкін блоггинг – жеке ойларыңды немесе өзің айтқың келетін тақырыпты ғаламторда жариялау. Ну, жарайды, бүгін, қоғамда болып жатқан 3 түрлі жағдайға, өз ойымды білдіремін.

Толық оқу
ақпаратты мида сақтаудың

Көп ақпарат мида қалу үшін, мен кітапты былай оқимын + құнды кеңес

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Сіздермен бірге Ертай Қуанышов.

Бүгін кітап оқитындар үшін, өте пайдалы ақпарат болмақ. Бірінші мынаны айтқым келеді, кітап оқылғаннан кейін, одағы көптеген ақпараттар есте сақталмайды, сондықтан оны ұмытып қаламыз, ал ұмытатын болсақ, қолдана алмаймыз деген сөз. Сондықтан бұл тапсырманы да шешу керек.

Толық оқу

Күндік жоспарды қалай құрамыз немесе менің 1,5 жылдық тәжірибем

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Сіздермен, әдеттегідей Ертай Қуанышов. Бүгін күндік жоспар құру бойынша өзімнің жеке тәжірибеммен бөлісемін. Бұл сізге пайдалы да, құнды кеңес болмақ.

Тайм-менеджмент деген де, үлкен бір тақырып және әркім әртүрлі тәсілдерді қолданады, яғни өзіне ыңғайлы етіп жоспар құрады. Бұл туралы жазылған кітаптар мен мақалалар және видеолар өте көп. Сонымен қатар олардан да, өте көп ақпаратты алуға болады.

Мүмкін сіз де, өз уақытыңызды белгілі бір тәсілдер арқылы жоспарлайтын шығарсыз. Қазір көбі бұған мән бере бермейді, сондықтан осы жазбадан кейін көзқарасымыз өзгереді деген ойдамын.

Толық оқу

Ғаламтор арқылы қалай білім алуға болады немесе менің 2 жылдан кейінгі нәтижемді білгіңіз келе ме?

Сәлем, достар!

Бүгін мен сіздерге ғаламторда білім алу туралы айтамын және де ең бастысы өзімнің нәтижеммен бөлісемін. Егер сізде ғаламтор арқылы оқып үйренгіңіз келсе, сіз үшін бұл баламасыз ақпарат болмақ, ендеше кеттік…

Өзіңіз де білетін шығарсыз, болашақта мектептік орнын онлайн оқыту жүйесі алмастырады. Тіпті кейбір елдер осы жүйені тексеріп көріп жатыр.

Толық оқу

Бағдарлама жасауды неден бастап үйренген дұрыс немесе мен қалай үйрендім?

Сәлем, достар.

Егер менің өткен жазбаларымды оқып жүрген болсаңыз, менің бағдарлама жазумен айналысатынымды білетін шығарсыз. Қысқаша тарихымды осы жерде айтып өткен болатынмын.

Бағдарламашылар қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие мамандардың бірі және қалаған адам оны өзі үйрене алады. Ал сіз менің бағдарлама жазуды неден бастап үйренгенімді білгіңіз келе ме? Ендеше айтып өтейін.

Мен 16 жасымнан бастап, әртүрлі бағдарламалау тілдерімен айналыстым.

Толық оқу

Оқырман сұрақтарына жауап

Сәлем, құрметті оқырман.

Соңғы уақытты әлеуметтік желі арқылы келетін сұрақтар жиілеп кетті, солардың бірі Қалдыкүл Кенжетай есімді оқырмандарымның бірінен келіпті. Қойылған сұрақтары маған қиын болмағандықтан блог арқылы жауап бере кеткенді жөн көрдім.

Толық оқу

Мен оқитын авторлар

Сәлем, құрметті оқырман. Бүгін өзімнің қай авторлардың кітаптары оқитыным туралы блог жазып отырмын.

Шынымды айтсам соңғы жылдары біраз кітаптың бетін ашып, оқып қарадық. Тағы бір дүниені айтып қояйын, жеке өзім әдеби тақырыптағы кітаптарды оқи бермеймін, көбіне тұлғалық даму, маркетинг, бизнес және соңғы уақытта психология сияқты тақырыпта жазылған қызықты кітаптарды оқимын.

Толық оқу

Мен қалай 1,5 жылдың ішінде бағдарламашы болдым?

Сәлем, бүгін мен өзім туралы айтқым келіп тұр. Сіз автор туралы деген бөлімді оқыдыңыз ба? Мен сонда қысқаша өзімнің әуесқой бағдарламашы екенімді жазып өткен болатынмын, ал бүгін сол туралы толығырақ айтып берейін. Сонымен мен қалай 1,5 жылдың ішінде веб-бағдарламашы болдым?

Сонымен бәрі 2015 жылдың қаңтар айында басталды, толығырақ айтатын болсам қаңтардың 3 – інде.

Толық оқу