Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Cross-sell сату жүйесі қалай жұмыс істейді?

Сәлем, бүгінгі тақырып тауар сатушылар үшін қызықты және пайдалы болады.

Кез-келген бизнес сатылымға тәуелді дей аламыз, себебі сату сатып алу бұл бизнесті қалыптастырушы факторлардың бірі. Сату деп отырғанымыз бұл тек белгілі бір тауар емес, оған қандай да бір қызымет түрлерін де қоса аламыз. Мысалы: заңгерлік қызымет, репититорлық қызымет айта берсек көп кездеседі. Олардың бәрі қызымет түрін сатып есесіне табыс табады. Туарлық қызымет түрі де солай. Көптеген бизнес түрі сатылымға тәуелді болғандықтан осымен жұмыс жасауға арналған жүйелер де қалыптасып жатыр. Мысалы: Upsell, cros-sell. Мен сіз up-sell туралы келесі болгта айтамын. Бүгінгі айтылатын тақырып ол – cross-sell сатылым жүйесі. Көптеген компаниялардың табысының 30% осы жүйеге тәуелді.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Бұл дегеніміз сатып алынған тауарға басқа тағы бір тауарды ұсыну. Қарапайым мысал келтірейк, мысалы: Тұтынушы дүкеннен бір телефон сатып алды. Сатушы оған қоса құлаққап сатып алуды ұсынды, ал тұтынушы оған келісті. Бұл өте қарапайым түрде жұмыс істейді, бірақ табысты біз ойлағаннан да жақсы артыруы мүмкін және бұл көптеген компаниялар мен дүкендерде өз қолданысын тапты.

Тұтынушы мен Сатушының диалогы

Тұтынушы:

  • Мен мына мобилді телефонды сатып аламын, мағын осыны берңізші!

Сатушы:

  • Жарайды, мен сізге тағы да мына 5GB – тық жад картасын сатып алуды ұсынамын, сіз сатып алған телефонға дәл келеді, ішіне 2000 әуен жазып алуға болады, сонымен қатар сізге 10% жеңілдік жасаймын.

Тұтынушы:

  • Жарайды беріңіз.

Сатушы:

  • Әуен болғаннан кейін оны тыңдайтын құлаққап та керек қой! Мен сізге мына сапалы құлақапты ұсынамын, дауысты өте жақсы шығарады және сыртқа шығармайды.

Тұтынушы:

— Жақсы бұны да алам.

 

Бұл жерде көріп отырғаныңыздай cross-sell жүйесін жеңілдік арқылы пайдаланатын болса тұтынушының сатып алу ықтималдылығы бірнеше есе арта түседі.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Нұрхат Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Нұрхат
Қонақ
Нұрхат

Бірінші рет естіп тұрған терминім. Бірақ өте жақсы жүйе екен. Қазақстанда бұл жүйены қолданама екен?