Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

E-mail маркетинг қалай жұмыс істейді?

Маркетингтің көптеген түрлері заман ағымына қарай қалыптасып кетті. Көптеген салада маркетинг маңызды орын алады. Маркетинг түрлеріне байланыс сапасы мен бағасы айқындала түседі. Ал бүгінгі тақырыбымыз E-mail маркетинг туралы.

E-mail маркетинг арзан және өнімді түрге жатады. Сондықтан сатылым деңгейін арттыру немесе басқа да өнім немесе қызымет түріннен түсетін табысты еселеу үшін бұл тиімді және көптеген жерлерде қолданылады.

Тиімділігі оның басқасынан арзанырақ болуында және хат жіберу арқылы көп табыс табу мүмкіндігіңіз бар.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Қазіргі уақытта электронды почта кеңінен қолданылады, тіпті бір адамда бірнеше почта болуы мүмкін. E-mail маркетинг осы электронды почтаға байланысты. Сіз бірінші басқа қолданушылардың электронды почта мекенжайларын жинайсыз. Одан кейін сол мекенжайларға хат жібересіз, ол жерде хабарландыру немесе жарнамалық ақпараттар болуы мүмкін. Жұмыс істеу жүйесі өте қарапайым. E-mail маркетинг көптеген ғаламтор дүкендерінде қолданылу себебі осында.

Бұл жерде басты жұмыс қолданушылардың e-mail мекенжайларын жинау. Ол үшін e-mail жазылу формасын сайтқа қоя аласыз. Кейбір ресурстарда миллионнан астам адам жазылған. Сізде миллион емес 30 мың адамның мекенжайын жинап хабарлама жіберетін болсаңыз оның 10 мыңы хабарламаны ашып қарайды, 10 мыңының ішінде ең жоқ дегенде 100 адам жарнамаланған тауарды немесе қызымет түрін сатып алады, бағасы орташа түрде 5 мың теңге деп алатын болсақ сізге 500 мың теңге табыс әкеледі. Жаман емес.

E-mail маркетингте сізге мекенжайларды жинап оларға ыңғайлы түрде хат жіберуге арналған сервистер көмектеседі. Менің ұсынатыным Smartresponder(2016 жылдың 1 желтоқсанында жабылып қалды) сервисі функциалды тұрғыда ыңғайлы және тегін түрде пайдалануға да болады. Мен өзім де осы сервисті қолданамын. Бұл жерде сізге электронды почта мекенжайларын жинап оларға хатты жылдам жіберуге мүмкіндік бар. Сонымен қоса жіберілген хабарламалардың статистикасын көре аласыз. Мысалы қаншасы хатты ашты, қаншасы спамға тықты, қаншасы жазылымнан бас тартты осыдан басқа көптеген ақпараттар бар.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
АйгерімАрман Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Арман
Қонақ
Арман

Жақсы ақпарат

Айгерім
Қонақ
Айгерім

Қажетті мәлімет