Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

ЭЦП кілтін қалай ашуға болады?

ЭЦП кілт арқылы, қажет құжаттарды үйрде отырып алуға болады. Ол үшін ЭЦП кілт ашу керек.

Кілт ашудың 2 жолы бар. Екі тәсілде де СОН — ға барасыз.

Флешка арқылы

Минимум 1 GB – тық флешка алып, сонға барасыз. Кілтті флешкаға жазып, қағазға пароль жазып береді. Алғаннан кейін, паролін кейін өзгертіп. Оңайп қылып, стандартты қылып жазып береді.

Мен алғаш рет кілт ашқан кезде, оны білген жоқпын және парол өзгерту туралы да маған айтқан жоқ.

Мынадай оқиға болды. Біреуге кілтті жібердім, бірақ сон жазып берген паролді айтқан жоқпын. Кейін отырғанын көргенде таң қалғанмын. Таныстардың арасында да осындай оқиға болған. Сөйтсем стандартты паролді арқылы кірген екен. Мен болса, бұндай пролді ешкімде жоқ, менде ғана деп ойлағанмын.

Кілттің паролін осы жер арқылы өзгерте аласыз.

Сайт арқылы, флешкасыз

Екінші рет кілт ашқан кезде, осы тәсілді қолдандым. Бірінші осы сайтқа өтіп, “Өтінім беру” дегенді басасыз. Әрі қарай кілтті сақтайтын жерді таңдауыңыз керек. Арнайы қағаз береді. Соны шығарып алып, СОН — ға барасыз.

Жұмыс аяқталғаннан кейн, осы жердегі өтінімнің статусын тексеру дегенді басып, өтінім номерін жазасыз. Әрі қарай, жаз деген ақпараттарды жазып, компьютерге жүктеп аласыз.

Кілтті жүктейтін жерді таңдаған кезде, өтінім берген кездегі папканы таңдауыңыз керек.

Жүктеп алғаннан кейін, бұлтты сервиске сақтап қойыңыз. Кез-келген жерде қол жетімді болады.

ЭЦП кілт 1 жылға дейін жарамды.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar