Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Екі сатылы сату жүйесі, жарнамасыз — ақ клиент әкеледі, қалай сонда?

Ассалаумағалейкум, құрметті оқырмын. Бүгін жарнамасыз — ақ клиент әкелетін екі сатылы сату жүйесі туралы әңгіме болады. Егер білмейтін болсаңыз, бұл сізге үлкен пайдасын тигізері анық.

Екі сатылы сату жүйесі әртүрлі бизнесте кеңінен қолданылуда, соңғы кезде оны өзім де біраз жерден байқадым, бұл дегеніміз оның тиімді екенін екінші жақтан айқындай түседі.

Сонымен екі сатылы сату жүйесі дегеніміз ол – ақылы тауарды, тегін дүние арқылы сату. Бұл сөзді оқыған адамның бәрінің түсінетініне күмәнім бар, сондықтан мысал келтірейін, мысалы былай: сіз заңгерлік қызметпен айналысасыз, жарнама беріп қойдыңыз және жарнамаға телефон арқылы кеңес тегін деп жаздыңыз деп алайық. Екі сатылы сату жүйесі дегеніміз міне осы, дым қиын емес.

Бұл жерде шешім мынада, тегін болғаннан кейін, телефон арқылы хабарласатындар аз шықпайды және сөйлескеннен кейін хабарласқан адам сізді білікті маман ретінде тани бастайды, сондықтан сіздің қызметіңізге жүгінеді. Өзіңіз де түсініп отырған шығарсыз, заңгерлік қызмет, телефон арқылы шешілмейді, ол жерде сот болуы мүмкін, обшем клиенттің қасында 2-3 ай тіпті одан да көп жүруіңіз мүмкін. Ал ол өз кезегінде ақылы қызмет.

Тағы бір мысал келтірейін, 3-4 ай бұрын, Ақтау қаласында Бизнес Бастау кәсіпкерлік мектебінің сабағы болды, әрине тегін түрде, мен де барып қатысып көрдім. Бұл жерде де таза екі сатылы сату жүйесі қолданылады, олар сабақты тегін өткізеді, ал сабақ соңында ақылы тренинг туралы айта кетеді, әрине бұндай жағдайды тегін қатысуға келгендердің ең жоқ дегенде 10-20% ақылы түріне де қатысады. Дұрыс па? Иә, дұрыс.

Шамасы екі сатылы сату жүйесінің қалай жұмыс жасайтынын түсінген боларсыз.

Қарапайым түрдегі тағы бір мысал келтірейін. Мысалы базарда жүрсің да, екі сатушы тұр, екеуі де, қарбыз сатып жатыр. Екеуінің де тауарлары бірдей сен қайсысын аларыңды білмей ойланып тұрған кезде, біреуі айтады: “Братан, келшей мына жерге, қарбыз ал, дәмін тегін татып көр” – дейді. Ал екіншісі олай айтпайды. Сен дәмін көргеннен кейін, оның жақсы екенін түсінесің. Ал одан кейін кімнен сатып аласыз? Әрине дәмін татқызған адамнан. Себебі сіз оның жақсы екеніне өзіңіздің көзіңізді жеткіздіңіз.

Екі сатылы сату жүйесінің, қысқаша түрдегі анықтамасы – клиентке торттың, бір кусогын ғана тегін беру. Түсінген боларсыз? Жоғарыдағы барлық мысалдың жұмыс істеу жүйесі осындай.

Былай қарайтын болсақ, практические түрде базар саудагерлері осы тәсілді қолданады, бірақ бұл екі сатылы сату жүйесі екенін білетініне күмәнім бар.

Мысалы: киім алатын жерде, оны киіп көруге болады, жеміс-жидек сататын жерден тегін дәмін көруге болады, бұндай мысалдар көп.

Әртүрлі программалардың демо нұсқасын ойлап көріңіз. Есіңізге түскен болар, 30 күн немесе белгілі бір уақыт аралығында оны тегін қолдануға болады. Бұл да екі сатылы сату жүйесі екенін айтқым келеді.

Адамдардың ойлау жүйесі қызық, сізге сенген сайын, сізден сатып алады немесе сіздің қызметіңізді пайдаланады. Ал біз қарастыра кеткен сату жүйесі сенім қалыптастыруға көмектеседі.

Бүгінге осы, ертеңгі жазбада кездескенше.

7
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
6 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
7 Авторы комментариев
Ертай ҚуанышовБауыржанДаниярБерікДанагүл Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Әбдіәшім
Қонақ
Әбдіәшім

Өте ұнады. Рахмет, біле жүретін болдым.

Айгүл
Қонақ
Айгүл

Құнды кеңес.Сіз дұрыс бағыт-бағдар бердіңіз.Алда құнды кеңестеріңізді оқып тұрам.

Данагүл
Қонақ
Данагүл

Негізі,осындай тәсілді соңғы кездері көп кездестіріп жүрмін.Бірақ,мұны екі сатылы сату жүйесі екенін шынымды айтсам осы жаңа ғана Сізден естіп біліп отырмын.Кеңесіңізге үлкен рахмет!Алдағы уақытта табысқа жете беріңіз!

Берік
Қонақ
Берік

Керемет. Ертай сіздің блоктарыңызды оқып жүрем. Уақыт өте шыңдалып, барған сайын кемелденудесіз. Кемшіліксіз тіршілік болмайды. Сіздей азаматтар қазақ тілінің кемелін арттыра берсін. Өзіңіз жайлы толығырақ ақпарат менің поштама лақтырыңызшы.

Данияр
Қонақ
Данияр

Керемет жазылған

Бауыржан
Қонақ
Бауыржан

Маркетингте бұны «Лид магнит» дейді