Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Екі сатылы сату жүйесін қалай қолдануға болады?

Ассалаумағалейкум, құрметті достар!

Мен алдында екі сатылы сату жүйесі туралы блог жазған болатынмын, қарасам оған қызығушылық жақсы болды, сондықтан әрі қарай жағаластыруды жөн көрдім. Ал бүгін бұны практика жүзінде қалай қолдануға болады, соған бірнеше мысал келтіремін.

Екі сатылы сату жүйесі өткен жазбада айтып өткенімдей, өтімділігі өте жоғары және кез-келген жарнаманы артты қалдырады.

Әркімнің саласы әртүрлі, сондықтан бәріне бірдей жаза алмаймыз, бірақ бұның жұмыс істеу жүйесі бірдей болғандықтан оны да ойластыруға болады.

Консалтинг – қызметі

Бұл дегеніміз қандай да бір сала бойынша, ақыл-кеңес беру, бұндай қызмет түрімен айналысатындар жетерлік. Мысалы офис ашып алып, осы қызметті ұсынып отырғандар бар немесе скайп – консултациямен айналысатындар да бар. Ал бұл қызмет түрінде екі сатылы сату жүйесін, тегін кеңес арқылы жасауға болады.

Мысалы жарнама жасайтын болсаңыз жазасыз: “Дәл қазір хабарласыңыз да, тегін кеңес алыңыз”. Яғни телефон арқылы тегін кеңес бересіз. Ескеретін болсақ, көптеген консалтинг қызметті телефон арқылы шешіледі деп айта алмаймыз, ол күшін кездесулер болады әрине.

Қазір офис ашып, міндетті түрде  осылай жаса деп айтпайды, менің айтқым келіп тұрғаны скайп — консултация. Бұл үшін тек интернетіңіз бен құрылғыңыз болса жеткілікті. Ал бұндай жағдайда, телефон емес, тікелей скайп арқылы байланысқан тиімді, әрине уақыт белгілеп қоясыз, мысалы 20 минут тегін.

Ал енді сауда саласында, қалай қолдануға болады, соны қарастырып көрейік. Саудамен айналысатындар көп, бұл дегеніміз бұны соның арысына кірістіретін болса, табыс көлемін, арттыруға кепілдік бар деген сөз. Бірақ саудада, әркім әртүрлі тауар сатады, сондықтан ортақ модель ұсына алмаймын.

Екі сатылы сату жүйесінің негізгі мақсаты, клиенттік сеніміне кіру. Ал сенген адам сатып алады немесе қызметіңізді тұтынады. Сондықтан мынадай тәсілдерді қолдануға болады.

Егер көлік саудасымен айналысатын болсаңыз, онда сатып алғысы келген адамға айдап көруге рұқсат беруге болады. Көлік сатып алатын адамның негізі ой қандай? Оған сапасы жақсы, бұзылмайтын, жақсы көлік керек. Ал айдап көретін болса, оның тауарға деген сенімі арта түседі, оның үстіне пайдаланып көргеннен кейін, адамдар қажет емес деп айтуға ұялады.

Көптеген қалаларда Зоомагазин деген болады. Сондай дүкендер мынадай тәсіл қолданады. Енді бұндай дүкендердің негізгі тауары, аты айтып тұрған үй жан-жануарлары мен үй құстары. Бұндай дүкендерде кез-келген таңдағаныңызды 2-3 күнге үйіңізге тегін алып кетуге болады. Ақшасын одан кейін барып төлейсіз, ал ұнамаса ештеңе төлемей, қайтарып бересіз. Менің есептеуім бойынша өте керемет, жүйе. Өзіңіз ойлап көріңіз алып кеткен адам қайтарып беруі мүмкін бе? Әр кетсе 10% қайтарып беруі мүмкін, ал басқалары олай жасамайды.

Кейбір киім сататын дүкендерде, қалаған киіміңізді киіп көруге болады. Бұл да екі сатылы сату жүйесі. Ал адамның ойы қандай болуы мүмкін? Бұл маған жарасама? Тар болып қалмаспекен? Дым үлкен емес па? Деген сияқты көптеген сұрақтар мазалайды, ал киіп көргеннен кейін, оның бәрі жоқ болады да, сатып алы ықтималдылы жоғары артады.

Енді сәл интернет әлеміне көз жүгіртейік, көптеген электронды кітаптар сататын сайттар бар, солардың ішінде мынадай жүйе ойластырылған, кез-келген кітапты тегін жүктеп алуға болады, әрине бәрін емес, азырақ қана бөлігін, мысалы 100 бет болатын болса 15 бетін тегін жүктеп аласыз, жүктеп алып қарасаңыз, ең соңында толық нұсқасын сатып алуға арналған сілтеме тұрады. Бұл да, өте жақсы жүйе.

Компьютерлік программалардың демо нұсқасын еске түсіріп қараңыз. Оларды белгілі бір уақыт аралығында тегін қолдануға болады. Мысалы 30 күн, одан кейін барып, қаласаңыз сатып аласыз.

Егер кондитерлік тауарлармен айналысатын болсаңыз, былай істеуге болады: бұл дегеніміз тәтті-дәмді өнімдер, сондықтан тегін түрде, сатып алғысы келген адамға дәмін татқызып көресіз. Мысалы көбіне торттармен айналысатын болсаңыз, сатуға жасайсыз және дәмін татып көруге бір-екеуін қоясыз.

Ал енді осылардың оқып болсаңыз, өзіңіз де бірнеше нұсқасын ойластырып көріңіз.

Пікірге жазып қалдырсаңыз, тіпті жақсы болады.

 

Бүгінше осы, келесі жазбада кездескенше.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Гулнар Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Гулнар
Қонақ
Гулнар

Жазбаларыңыздан алатын нәрсе көп. Жазбаларыңыз көбейе берсін.