Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Электронды әмияндарды қолданасыз ба?

Сәлем, құрметті достар

Интернет барған сайын даму үстінде, тіпті кейбіреулер болашақта тағамды да ғаламтор арқылы жүктеп алатын жағдайға жетеміз деп ой білдірген болатын. Дегенмен күлкілі көрінеді, бірақ болу ықтималдылығы жоғары деген баға беремін, тіпті бір компания иісті жіберуге арналған телефон ойлап тауып еді, енді бұның да ауылы алыс болмас. Бүгінгі тақырып ғаламтордың жақсы бір мүмкіндігіне айналған электронды әмияндар туралы болмақ, жалпы сіз электронды әмияндарды қолданасыз ба?

Егер жоқ десеңіз, әрі қарай оқыңыз, ал иә болса, сондада оқи беріңіз, қосымша ақпарат артық етпейді.

Қазір нағыз ғаламтордың қызған уақыты. Барлығы сандық форматқа ауысуға тырысуда және солай болып та жатыр, оны өзіңіз де байқаған боларсыз? Әрине, ақшаның да сандық түрінің пайда болғанына да 20 – жылдан асып кетті. Осы уақыт арасында ақшаны сандық форматта қолдануға мүмкіндік беретін көптеген электронды әмияндар жасалды.

Бұның қандай тиімді жақтары бар?

Электронды әмияндар арқылы, үйден шықпай-ақ коммуналдық төлемдер жүргізуге, интернет, телефон ақысын төлеуге және басқа да онлайн сатып алулар жүргізуге болады. Бұл тек пайдалы жақтарының бір тұсы ғана, бәлкім сіз де осындай қызмет түрлерін төлеуге қолданып жүрген шығарсыз? Мысалы өз басым электронды әминдарды жиі қолданамын.

Қандай электронды әмияндар қолданған тиімді?

Енді мен бұны дәл айта алмаймын, себебі әрбір елге, оның орналасқан жеріне немесе пайдалану мақсатына қарай ауысып отырады. Мысалы PayPal деп алатын онлайн төлем жүйесі бар, ең алғаш болып қалыптасқан. Ол мен қолдануға ыңғайсыз, көбіне eBay сияқты аукциондар онлайн сауда жасағанда қолдануға болады.

Мен өзім электронды әмияндардың біразын байқап көрдім, солардың ішінен сізге ТОП – 5 дікті ұсынайын.

Qiwi

Ең көп қолданатыным және өте ыңғайлыларының бірі, себебі көптеген дүкендерден, демалыс орындарынан, сонымен қатар бизнес орталықтардан төлем терминалдарын кездестіруге болады. Бұның басты артықшылығы осында кез-келген qiwi терминал арқылы шотты оңай толтыруға болады. Әрине көп қолданылуының жалғыз себебі бұл емес. Егер қолданып көрсеңіз, білетін де шығарсыз, интерфейсі ыңғайлы етіп жасалған және комиссиясы аз мөлшерде.

Webmoney

Әлем бойынша танымал электронды әмияндардың қатарына кіреді және көптеген онлайн төлем қабылдайтын сайттарда бұл әмиян түрі бар. Өз басым бұрын қолданғанмын, бірақ қазір белсенді түрде қолданбаймын.

Payeer

Көп функцияналды және интерфейсі ыңғайлы етіп жасалған. Жалпы онлайн төлемдермен айналыссаңыз бұл да тиімді.

Яндекс Денги

Yandex іздеу жүйесін бәріміз білетін шығармыз?, дәл осы компания ұсынып отырған Яндекс Денги деп аталатын электронды әмиян да қаржылық операциялар орындауға жаман емес.

PayPal

Ең алғаш болып шыққан электронды әмиян, ал қалғандары осының аналогы болып есептеледі. PayPal – ды айтып өткенімдей ebay сияқты аукциондардан сауда жасасаңыз қолданған тиімді.

 

Жаңа заманның жаңа жүйесі болып келе жатқан электронды әмияндарды қолдану сіздің жұмысыңызды жеңілдетіп, уақытыңызды үнемдейді. Сондықтан барлықтарыңызға қолдануды ұсынамын.

Бүгінге осы, келесі жазбада кездескенше.

 

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar