Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Кез – келген іске фокус қою дегеніміз не? Неге аз іспен айналысу жақсы нәтиже береді!

Ассалаумағалейкум, баршаңызға. Адам баласы жаратылысынан әр нәрсеге қызығушылық танытқыш келеді. Мысалы кейбір адамдар болады, бір айналысып жүреді де, тағы сол сияқты оншақты жұмыспен бір мезетте айналысады. Бірақ ойланып көрейікші, бұл дұрыс па? Дұрыс емес, деймін. Неге екенін әрі қарай айтайын.

Адам қанша күші тасып тұрса да, өте көп жұмыспен айналысса еш болмаса біреуінен жақсы нәтиже шығара алатынына күмән бар. Мысалы қазақта айтады, екі кеменің басына ұстаған суға кетеді.

Фокус деген дүние болады. Енді қазақша, қалай аударатынын білмедім, осылай жаза берейін. Бұл дегеніміз мынадай: бар зейінді бір іске қою. Мысалы алайық, неге Apple компаниясы әлемге танымал болып кетті, себебі олар белгілі бір бағытқа қарай фокус қойған, шығаратын өнімдерінің саны шектеулі ғана. Бірақ сол сияқты кейбір компаниялар үтік, кір жуғыш машина, теледидар, духовка сияқты дүниелер шығарып өзінің бағытын таба алмай жатыр.

Фокус дегенді білетін шығармыз, кез – келген заманауй телефондардың камерасында болады. Мысалы түртіп қалсаңыз, басқан жеріңізді анық қылып көрсетеді. Ал біздің айтып тұрғанымыз, дәл солай белгілі бір іске фокус қойып, оны анықтай түсу және сол арқылы нәтижені шығару.

Ал енді сұрақ туындайды: “Сонда мен не істеуім керек, бұның маған қандай пайдасы бар?”. Өте орынды әрине. Мен сіздің қандай істермен бас қатырып жүргеніңізді білмедім, сондықтан өз мысалдарымды ұсынайын.

Өз тәжірибемнен айтайын. Кезінде мен компьютерлік бағдарламалаумен айналыстым. Сол кезде барлығын үйреніп алсам деген ой болып, бәрімен айналысып кеттім. Мысалы C++, C#, Ruby, PHP. Бұл әрине қателік. Бәрімен бір мезетте айналысқасын дұрыс меңгере алмайсың. Оның үстіне компьютерлік бағдарламау оңай дүние емес, біраз шашыңды ағартады. Мен не істеуім керек еді? Әрине ішінен біреуін алып, соны жоқ дегенде 4-5 ай оқығасын, келесіне көшкенім дұрыс болар еді.

Тағы бір мысал келтірейін. Мысалы әлеуметтік желіде 10 шақты парақша ашып алып жүргізетін SMM мамандары бар. Бұл жерде де алға жылжыту төмен болады. Мен осындай жағдай, қалған тоғызын тоқтатып тастап, өзім қалаған 1 – н ғана алып, соған 100 мың оқырман, жоқ дегенде 50 мың оқырман жиналғанша басқасымен айналыспас едім.

Музыкалық аспаптарға қызығатындар бар шығар. Соның ішінде бір мезгілде домбыраға, одан кейін гитараға, содан соң пионына курстарына барып жүргендер баршылық деп есептеймін. Ал бұндай жағдайда қалай фокус қоямыз? Әрине қалған екеуін қойып, қалаған біреуін таңдап алып сол бойынша жаттыққан тиімді.

Спорт жағы да солай. Біресе жүзуге, одан кейін күреске, кейін боксқа барып миын әбден ашытып жүргендер де бар. Бұндай жағдайда не істеу керектігін енді білесіз деп есептеймін.

Менің айтып кеткенім бірнеше мысал ғана. Бұдан басқа да дүниелер көп екені анық.

Бұндай мәселелер кез-келген адамның басында болып жатыр немесе болғандығы хақ. Менде де осындай мәселе болған. Ал қазір бәрін фокустауға тырысамын.

Сізде қандай жағдай бар, егер шешімін білмесіңіз пікірге жазып қалдырыңыз.

7
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
6 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
1 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
6 Авторы комментариев
ШынарНұрпейісМайраШакизадаБолатбек Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
АЗАМАТ
Қонақ
АЗАМАТ

Керемет керек кезде келді хатаман..ісің тек алга басын..
Маган стаматологиа лабараторианы жүргізетін адам керек маркетолок маман..сол жагынан басым қатып жур

Болатбек
Қонақ
Болатбек

https://hh.kz/ осы сайттан қажетті маман иесін қарастырып көріңіз…

Болатбек
Қонақ
Болатбек

Өзіңдей талапты, ізденімпаз інішектеріміздің еңбектері әрдайым қуантады! Жарайсың Ертай!

Шакизада
Қонақ
Шакизада

Рахмет!!! Мен интернет маркетологты өз бетімше үйренсем деп едім, соған сіз маган тәлімгер (наставник) боласыз ба?

Майра
Қонақ
Майра

Дұрысқо Интернет Желісін басқаруды үйрену. Қазақ тілінде түсіндіретін Сен сияқты Қазақ Жігіттері көбейсін. Ертай Аман сау жүр.

Нұрпейіс
Қонақ
Нұрпейіс

Менің ойымды айттың қарап жүріп көп нәрсенің басын щалып кеткім келеді. Дұрыс айтасың фокусты тек бір жерге қадап үйрену керек. Рахмет Ертай інім

Шынар
Қонақ
Шынар

Менің қатты қызығатыным гитара. Гитараны үйренгім келеді колледж оқып жүргенімде гитара тартатын ұлдар болатын соларға қарап қызығатынмын и содан бері гитараға деген қызығушылығым арта түсті…