Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Фрилансер дегеніміз кім және фрилансерлік биржалар арқылы қалай табыс табуға болады?

Сәлем, құрметті оқырман.

Бүгінгі айтылатын тақырып онлайн арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін фрилансерлік жүйе туралы болмақ. Миллиондаған адамдар осы жүйені қолданып жұмыс істеп жүр және сіздің де осы қатардан табылуға мүмкіндігіңіз бар, әрине қаласаңыз!

Әрі қарай оқымай тұрып мен сізге қашықтан жұмыс істеу туралы жазбаны оқуды ұсынамын, себебі фриланс деп отырғанымыз да осыған жатады.

Бірінші термин сөздерге тоқтала кетейік:

Фрилансер – уақытша бір жұмысты істеп, бірден ақшасын алатын адам.

Фрилансерлік биржа – уақытша жұмыс беруші мен істеушіні байланыстыратын сайттар.

Кейбір істелетін жұмыстар бар, оны өзің істей алмайсың, сондықтан басқа біреуге істетуге тура келеді. Мысалы видеоролиік жасау. Ал оны жасап беретін адамды фрилансерлік биржалардан табуға болады. Олардың да қызметі осы, ондай сайттарға көптеген адамдар тіркеліп онлайн арқылы істеуге болатын уақытша жұмыстарды іздейді. Әлгінде ғана айтқан видеоролик жасату үшін осындай бір биржаларға тіркелесіз де тапсырма қосасыз, орындайтын адам сізді өзі тауып алады. Тапсырманы орындайтын адам – фрилансер деп аталы. Жалпы фрилансер туралы сәл де болса түсінген боларсыз?

Кез-келген фрилансерлік биржаларда жұмыс істеу үшін белгілі бір салада біліміңіз болуы керек, бұл міндетті. Біз диплом туралы айтып тұрған жоқпыз, тек өзіңіз істей алатын бір жұмыс. Мысалы: веб-дизайн, мақала жазу, сайт жасау, баннер жасау, басқа да көптеген мысалдар бар.

Фрилансерлік биржалардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Кез-келген жүйенің артықшылығы мен кемшілігі болатыны бар дегендей, фрилансерлік биржаларда жұмыс істеудің де кемшіліктері мен артықшылықтары бар.

Кемшіліктері

Тіл мәселесі. Қазақ тілінде жұмыс жасайтындары аз, тіпті жоқтың қасы. Дегенмен Ресейлік жобалар көп және кейбір сайттарда минут сайын жаңа тапсырма шығып тұрады. Егер орыс немесе ағылшын тілін меңгерген болсаңыз бұл кедергіден аттап кетуіңізге болады.

Қазақстандық осындай жобалар да бар, бірақ оның өзі орыс тілінде және ішіндегі тапсырмалары аз. Біз бұл жерде тіл мәселесі деп сайттың қандай тілде жұмыс жасайтынын айтып тұрған жоқпыз, мәселе тапсырма беретін адамда, тапсырманы орындау үшін онымен онлайн арқылы міндетті түрде сөйлесіп жұмысты талқылап аласыз, ал сіз оның тілін түсінбесеңіз бұл үлкен мәселе туғызады.

Алаяқтық. Бұл онлайн арқылы істелетін жұмыс болғандықтан алданып қалуыңыз да мүмкін, бірақ бұл көп кездеспейді. Әрине сіз тапсырыс беруші болсаңыз, бұдан қорқудың керегі жоқ, ал фрилансер болып жұмыс жасайтын болсаңыз бұл да мәселе, себебі кейбір адамдар тапсырмасын орындатып алып ақшасын төлемей кетуі мүмкін, дегенмен уайымдамаңыз, қазіргі фрилансерлік биржалар бұл мәселеге қатысты көптеген шешімдер жасап қойдым.

Арнайы білімді талап етеді. Тағы да айтып өтейін фрилансер болып жұмыс жасау үшін қандай да бір саладан хабарыңыз болуы керек. Мысалы бағдарламалау, баннер жасау немесе дизайн жасау сияқты жұмыстар. Қарапайым деген жұмыстарды да істеуге болады. Мысалы аудио түріндегі ақпаратты мәтінге айналдырып жазу, бұндай тапсырма жасайтындар да бар.

Артықшылықтары

Ең негізгі кемшіліктеріне тоқталған болсақ, енді артықшылықтары туралы айта кетейік.

Еркін уақыт. Қашан жұмыс істейтініңізді өзіңіз шешесіз, яғни сізде еркін уақыт болады, дегенмен бұл қызмет көрсету саласы, сондықтан жұмыс істемейтін болсаңыз ақша да келмейді. Бірақ, фрилансерлік биржаларда қомақты қаржы төлейтін тапсырмалар да көп, сондықтан осындай бір жұмысты жасап болғасын, үзіліс жасап алуға болады.

Жоғары төлемақы. Жалданып жұмыс жасаған қарағанда бұл жерде әлдеқайда көбірек табуға болады, кейбір тапсырмалар болады орындағаны үшін мыңдаған долларды төлейді, әрине орындау жағы да аса жеңіл болмайды.

Жұмыс көп. Жоғарыда ғана айтып өткеніміздей танымал фрилансерлік биржаларда минут сайын жаңа тапсырмалар шығып отырады, бұл дегеніміз орындаймын деушілерге үлкен мүмкіндік.

Қандай фрилансерлік биржалар бар?

Ғаламтордан фрилансерлік биржаларды көптеп табуға болады, бірақ бәрі сізге қолайлы деп айта алмаймын, ең дұрысы танымал деген бірнешеуін алып сол бойынша жұмыстану деп есептеймін.

Ең танымалдары: fl.ru, freelance.ru, weblancer.net

Фрилансерлік биржалар арқылы өзіңізді жұмыспен қамти аласыз, егер бұл арқылы жұмыс жасағыңыз келсе, фрилансерлік жүйелермен жұмыс жасау туралы басқа да ақпараттарды қарағаныңыз дұрыс, себебі бұл туралы бір ғана жазбада айта алмаймыз.

Бүгінше осы келесі жазбаларда кездескенше.

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Гулнар Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Гулнар
Қонақ
Гулнар

Қажет Мәліметтер бердіңіз. Рахмет!