Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Ғаламторда 100% қауіпсіздік деген болмайды немесе ол туралы миф

Ассалаумағалейкум, құрметті достар. Менің атым – Ертай Қуанышов. Бүгінгі тақырыпта киберқауіпсіздік туралы бірнеше мифты айтамын. Өзіміз білетіндей, әзірше ғана Қазақстанда киберқауіпсіздік өзекті мәселе. Сайттар мен банк шотты және де басқа да жүйелер хакерлік шабуылға ұшырап жатады.

Мен сізге айтайын, ғаламторда 100% қауіпсіздік деген болмайды және оны ақпараттық қауіпсіздік мамандары нармәлні түсінеді. Пентагон сияқты ұйымдардың сайттарын да бұзып кірген жағдайлар болды.

Мынадай да болуы мүмкін, мыңдаған тіс қаққан мамандардың жасаған жұмысын, 10 жасар хакер бұзып тастауы мүмкін немесе бұзып кіруі мүмкін. Мысалы алдында Инстаграмнан 10 жасар хакер, кез – келген пікірді өшіруге мүмкіндік беретін, қателік тапқан. Бірақ ол туралы жауапты адамдарға хабарлады және қазір аталған қателік жойылды.

Осыған қатысты тағы бір оқиға, бір ақпараттық қауіпсіздік маманы Марк Цукербергтің парақшасына пост жазып қалдырған, facebook – те әрине. Егер осы әлеуметтік желіні қолданатын болсаңыз, сіз де түсініп отырған шығарсыз, достарыңның тізімінде тұрған кез – келген адамның парақшасына өтіп, жазба қалдыруға болады. Бірақ Цукербергтің достарының тізімінде ешкім жоқ және оның 50 миллионнан астам оқырманы бар, енді ол осы әлеуметтік желінің басшысы ғо! Одан кейін ғана, осы қателікте жойылды.

Бұл басқа да сервистер мен осыған ұқсас жүйелерде болып тұратын жағдай. Тіпті google, twitter сияқты танымал сайттар да, хакерлік шабуыл салдарынан кейде жұмыс жасамай қалады.

Дәл осыған қарап – ақ, біздің осыған сенуімізге болады. Оны жеке тәжірибемнен де айта аламын. Соңғы уақытта хакизмге қызығып жүрмін және бірнеше сайтқа тиісіп көрдім, әрине дұрыс жағынан, кейін қарасам оларда сұмдық қателер бар екен және ең бастысы олар анау – мынау сайттар емес еді. Әрине ол туралы ескертіп айттым, онда тұрған ештеңе жоқ. Негізі сол қателіктер арқылы, неше түрлі трюктер жасауға болатын еді.

Бірақ қарайтын болсам, кейбіреулері айтылғаннан кейін, біраз уақыт өткесін ғана, аталған қателіктің көзін жойды, негізі 5 минутта шешуге болатын еді.

Сондықтан біз кез – келген жерге, пароль немесе сондай жұмыстармен айналысарда, ақпараттық қауіпсіздік жағын да ойлау керек. Нашар пароль қойғаннан кейін, әлеуметтік желідегі парақшаңызды бұзып кетсе, қателік өзіңізде. Оны бұзудың да, санқилы тәсілдері бар.

Бүгінше осымен аяқтаймыз, ертең кездескенше.

P.S Өз пікіріңізді жазып қалдырыңыз.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar