Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

HTML тілі бойынша жазылған жаңа электронды кітап

Сәлем, құрметті достар. Менің, әуесқой түрде программа жазумен айналысып жүргеніме 2 жылдан асып кетті, осы уақыт арасында көптеген тәжірибе жинадым және көптеген жобалармен де айналысып қарадым.

Мен осы блогта қалай бағдарламашы болғаным туралы айтып өттім.

Байқағаным, басқалардың да бұған қызығушылығы бар, оны әлеуметтік желілер арқылы келетін хаттардан байқауға болады. Көпшілігінің білмейтіні:  Қалай бастау керек?.

Егер сіз, кез-келген сайтты жаза алатын профессионалды бағдарламашы болғыңыз келсе, бірінші кезекті HTML деп аталатын тілді меңгеріп алуыңыз керек.

 

Осы тұрғыда HTML бойынша қазақ тілінде жазылған электронды кітапты жазып бітірдім. Дәл қазір жүктеп алып, үйренуді бастап кетсеңіз болады.

Басынан соңына дейін, көрсетілген ақпаратты қолданып, қайталап отыратын болсаңыз, бастапқы білімді алдыңыз деп есептеуге болады.

HTML тілі басында қиын болып көрінгенімен, өте оңай. Басында мен де осыдан бастағанмын, ал қазір, тіс шұқығаннан да оңай болып кетті.

Табандылығы мен еңбекқорлық қабілетін жоқ адам – бағдарламашы бола алмайды, тек нәтижені бірден күтпей, алға жылжу қажет.

Ендеше іске сәт, бүгінгше осы келесі жазбаларда, тағы да басқа қызықты ақпараттар болады.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
WakhЖанар Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Жанар
Қонақ
Жанар

Жақсы бастама екен

Wakh
Қонақ
Wakh

Qalay skachat etuge bladi bul kitapti