Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Instagram – да кез-келген постқа көп пікір жинаудың 3 жолы

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Бұл әдеттегідей – Ертай. Жазатын посттарыма алдын ала идеялар қарастырып қоямын, осы тақырыпты таңдап алғанды дұрыс көрдім. Егер инстаграммен айналысатын болсаңыз немесе өзіңіздің постыңызға көп пікір жинаудың жолын білгіңіз келсе соңына дейін оқыңыз.

Осы аталған әлеуметтік желіде кейбір посттар өте көп пікір жинайды, ал кейбіреулері өте аз. Егер бірнеше ғана трюкті іске қосатын болсақ, жазылатын пікірлер санын бірнеше еседен, он тіпті одан да жоғарылата аламыз. Ал енді ол үшін не істеуге болады?

Пікір саны посттың өзіне де тікелей байланысты. Мысалы біреу:  “Әйелім босанды, ұлды болдым” – деп жазатын болса, астына пікір біраз жазылатын. Не туралы екенін өзіңіз де біліп отырсыз. Ал жәй ғана өзіңіздің суретіңізді салатын болсаңыз, пікір жазыла бермейді, сіздегі оқырмандар саны аз болса, тіпті болмауы да мүмкін.

Сондықтан біз қалай адамдардан көбірек пікір алуға болатынын қарастырайық.

  1. Сұрақ қою. Мысалы суретіңізді саласыз да, астына: “Бізде ауа райы суық, сізде қалай?” – деген сияқты етіп жазып қалдырасыз. Сонда біраз адам жауап ретінде жазатын болады.

Осы бөлімге арналған мысалдар:

“Бұл аталған жоба туралы ойыңыз қандай?”,

“Егер бұл ойлары жүзеге аспайтын болса не болады деп ойлайсыз?”

“Менің жасым қаншада деп ойлайсыз?”

“Күн +40, сіздерде қалай болып жатыр?”

“Қазақтың керемет қымызы, соңғы рет қашан ішіп едіңіз?”

“Балам дүниеге келді, қандай аттар ұсынасыз?”

“Алматыға бара жатырмын, ол жақта қандай жерлерге барса болады? Ұсынысы айтсаңыздар. J”

“Мектеп бітірдік, сіз қай жылы бітіріп едіңіз?”

Байқап отырғаныңыздай, бұл аталған тәсілді көптеген посттарда қолдануға болады.

  1. Логикалық сұрақтар. Егер сізге адамдардың көбірек пікір жазғаны керек болатын болса, онда логикалық сұрақтар немесе жұмбақтар қолдана аласыз. Жеке тәжірибемнен ататын болсам, тіпті кейбір кездері лайк санынан, пікір саны әлдеқайда жоғары болады. Маған сенбесеңіз, инстаграмға #логикалықсұрақтар дегене хештег бойынша жазбалар іздеп көріңіз, барлығында делік пікір жақсы жиналған.
  2. Ең соңғы болған адамға сыйлық. Алдында бір парақшадан мынадай бір, күлкілі байқау көріп қалдым, маған өте ұнады. Былай істеген: “Ең соңғы болып досын белгілеген адамға, киноға тегін билетін береміз”. Астын қарасаң, ой – шіркін, толған пікір, 600 – ден асып кеткен. Ал парақшаға жазылғандар саны 500 – дей болған. Өте қатты вирустық эффект береді.

Бұл аталған тәсіл әсіресе, коммерциялық аккаунттарға жақсы келеді. Жәй 500 бірлік қойып, осылай жасап көрсеңіз болады, немесе 200 өзіңіз білесіз ғо, енді.

Осымен бүгінгі жазбаны аяқтаймын, келесі жазбаларды тағы да жақсы — жақсы деген фишкалармен бөлісетін боламын.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
Ертай ҚуанышовБағлан Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Бағлан
Қонақ
Бағлан

Ертай блогыңа рахмет ісің алға баса берсін.Инстаграм акаунтың қалай