Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Instagram – ға суретті, компьютер арқылы қалай жүктеуге болады?

Сәлем, құрметті оқырмандар!

Instagram әлеуметтік желісі, әлем бойынша ең танымал сервистердің қатарында және қолданушылар саны миллиардқа жуықтап қалды, бұл дегеніміз үлкен көрсеткіш.

Instagram – ның басқа әлеуметтік желілерден тағы бір артықшылығы, мүмкін кемшілігі болар, оған компьютер арқылы кіріп сурет жүктей алмаймыз. Парақшаңызға өтетін болсаңыз, тек баптауларын ғана өзгерте аласыз.

Бірақ бұл, тек телефон арқылы ғана Instagram – ға сурет жүктеуге болады деген сөз емес, оның да көптеген шешімдері бар.

Солардың ішінде өзім қолданатыны және ыңғайлы етіп жасалған сервистердің бірі: instap.

Жоғарыдағы сілтеме арқылы тіркелгеннен кейін, сервисті қолдана берсеңіз болады және бұл тегін.

Бүгінше осы, келесі кездескенше.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar