Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Instagram парақшаны қалай дұрыс безендіреміз? 85% — ы осындай қателерді жібереді

Ассалаумағалейкум, баршаңызға.

Инстаграм бойынша жазбалар сериясын жалғастырамын. Алдыңғы бірнеше постта инстаграмға арналған керемет фишкалар туралы айтқан болатынмын. Бүгін тағы бір көбі ескере бермейтін фишкалардың бірі парақшаны дұрыс безендіру туралы айтатын боламын.

Ойланып көріңіз ші, сіздің инстаграм парақшаңыз қалай безендірілген?

Менде дәл қазіргі уақытта осылай тұр.

Ал енді көпшілігі нені ескермейді?

Инстаграм парақшаны ашып болғаннан кейін, бірінші кезекте оны дұрыс безендіру керек. Бұл өте маңызды.

Ол аккаунтымызды баптамай тұрып, бірінші біз оны қандай мақсатта қолданамыз? Соны анықтап алуымыз керек.

Егер блогер болсаңыз немесе осы сияқты жеке атыңызды шығаратын дүние болса, онда менікіндей етіп жасауыңызға болады.

Ал тауар сатуға арналған парақша болса, әңгіме басқа.

Біріншісіне толығырақ тоқталайық. Көпшілік логинді жазғанда қателік жібереді. Мысалы менде @ertaikuanyshov – деп тұр. Ал егер оны мен @ertai1998, @ertai001, @ekkaz деген сияқты атаулармен жазғанымда бұл қателік болар еді. Себебі бұл жерде жеке бренд ретінде сіздің атыңыз болғандықтан, атыңыз бен тегіңізді жазып қойғаныңыз дұрыс болады.

Ал тауар сатумен айналысатын дүкеніңіз болса, соның атын жазасыз. Көпшілігі біріншісінде қателік жібереді.

Одан кейін сурет. Сіздің аваңызда қазір не тұр? Егер менің жеке суретім тұр дейтін болсаңыз, онда бәрі жақсы. Ал мысығыңыздың немесе автокөлік сияқты түк қатысы жоқ суреттерді қоятын болсаңыз, бұл қателік болады.

Суретте өзіңіздің түр келбетіңіз анық көрінуі керек. Кейбір парақшаларда өзінікі тұрғанымен, сапасы төмен болады немесе тым алыстан түсірілген, ал менің күлкім келетіні көзілдірік тағып түскендері. 🙂

Профилді қажет ақпараттармен толтыру.  Яғни бұл жерге, атыңыз, жеке ақпараттар және сайт сияқты дүниелер кіреді. Менде дәл осылай тұр, дәл осы форматты өзіңізге де қолдансаңыз болады.

Осы жерге арналған шағын фишканы айта кетейін, көптеген адамдар сайт деген жерді бос қалдырады, себебі бәрінде бірдей сайт жоқ. Бірақ ол жерге бас әлеуметтік желідегі парақшаңызға сілтеме қойса болады немесе сілтемені басқан кезде, сіздің whatsapp номеріңізге бірден хабарлама жазатындай мүмкіндік беретін арнайы сілтемелерді қойса болады.

Осымен жазбаны аяқтаймын, келесі жазбада тағы бір пайдалы ақпарат болады. 🙂

5
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
2 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
4 Авторы комментариев
НұрпейісЖансерікАйдосBagdat Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Bagdat
Қонақ
Bagdat

Әссәләму ъәләйкум уә рохматуЛлаһи уә бәрокәтуһ!
Инстаграмда жазылушылар (боттар және бизнес парақшалар) санын азайтуға арналған бағдарлама барма? Болса сол жайлы бір жазып өтсең дұрыс болар еді.

Жансерік
Қонақ
Жансерік

Арнайы программалар бар ғо, көмегім қажет болса ватсапқа жазыңыз

Айдос
Қонақ
Айдос

Ертай Ассалаумағалеикум ! Истада, бизнес парақшаны қалай жүргүзу жағын айтсаң, подписчик қалай көбейтеміз.

Жансерік
Қонақ
Жансерік

Арнайы программалар бар, көмегім қажет болса ватсапқа жазыңыз

Нұрпейіс
Қонақ
Нұрпейіс

Рахмет Ертай бауырым қысқа нұсқа пайдалы ақпарат бердің