Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Инстаграм постқа 5 идея

Ассалаумағалейкум.

Парақшаңызға арналған идея тапшылығы сізде бар. Бүгін керемет 5 идея туралы айтамын. Аталған идеялар арқылы минимум 100 пост жасай аласыз.

Идеялар жеке парақшаға арналған.

Мен туралы осынша факт

Өзіңіз туралы фактілерді жазыңыз. Осылай оқырмандар сіз туралы нақты ақпарат біле түседі. Айталық: Мен туралы 3 факт

— Темекі шекпеймін

— Үйленбегенмін

— Жоғары білімім жоқ

Мен осындай жердемін

Қай жерде екенін салатындар көп. Маңызды сол жер туралы ақпарат жазыңыз. 10/7 – і ескермейді. Көп жазу міндет емес, қысқаша және қызықты.

Мысал

“Батыс Алтайдамын. Артымдағы таудың биіктігі 354 метр. Биіктігі жағынан, әлем бойынша 4 орында. 3 күнде басына дейін шығамыз. Ал сіздің шыққыңыз келе ме?”

Менің осынша минусым

Сізде бәрі күшті болуы мүмкін емес. 🙂 Кемшіліксіз Алла ғана. Кемшіл тұстарыңыз туралы жазыңыз.

Өзінің минусы туралы жазғандарды көрмеппін. Бұл дұрыс емес.

Кемшіліктерді жазу арқылы шынайылық көрінеді.

Айталық, мендегі 3 кемшілік тақырыбында жазып көріңіз.

Былай болуы мүмкін:

Темекі шегемін

Көп ұйықтаймын

Кітап оқымаймын.

Айлық жоспарым туралы

Айға жоспар құрсаңыз, Instagram – да бөлісіңіз. Адамдарға қызықты. Сонымен қатар жақсы пікір мен көзқарас жинайды.

Нені қалай істейміз?

Өзіңіз жақсы білетін сала бойынша ақпараттармен бөлісіңіз. Айталық заңгер болсаңыз: “Жерді тартып алса, не істеуге болады?”, “Жалаға жабылғанда не істейміз?” деген секілді ақпараттармен бөлісіңіз.

Басқа салаға да, осы кеңес.

Аталған идеялардың біреуі арқылы, 100 пост жасай аласыз. Қағаз алыңыз да, әр қайсына 3 идея жазып көріңіз.

5
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
3 Цепочка комментария
2 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
5 Авторы комментариев
NurbolНұрпейісЖадыраЕртай ҚуанышовЗинегүл Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Зинегүл
Қонақ
Зинегүл

Түсінікті айтасыз,қонымды

Жадыра
Қонақ
Жадыра

Ертай, жаңқсы жаңалықтарың көп болсын. Бізбен бөлісіп отыруды ұмытпа

Нұрпейіс
Қонақ
Нұрпейіс

Соңғы кездері осы фишканы қолданушылар артып келеді. Қысқа нұсқа жазып қояды. Бір жағынан маңызды болмағанымен, оның қайда жүреген,і нені жегені ол көпшілікке өзін таныстыру және де алдағы уақытта бірдеңе сататын болса клиенттерге сенім арттыру. Жалпы идеяңмен өте дұрыс қолдаймын.