Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

ИНСТАГРАМ СУРЕТКЕ 5 КЕҢЕС

🍏 ИНСТАГРАМ СУРЕТКЕ 5 КЕҢЕС

Инстагрмаға сурет салатын болсаңыз, осы 5 кеңес арқылы сапаңызды 3 есе көтере аласыз.

================

🍓 ЖАРЫҚ ҚОЛДАНЫҢЫЗ

Сурет анық көрінуі үшін, жарық жерде түсіріңіз. Жетпей тұрыса, телефонның вспышкасын(қазақшасы қалай? 🙂 ) қолданыңыз.

Түсіретін нысан кіші болса, лайтбокспен түсіріңіз. Olx — те 5-8 мың тг.

Арнайы жарықбергіштер арқылы, сапалы жарық алуға болады. Ыңғайына қарай баптау арқылы, қарағаныңыздай сурет шығара аласыз.

Үлкен нысандарға бағыттау арқылы, сапалы бейне аласыз. Фотостудияларда қолданады.

Тегіні қажет болса, аспанда күн бар. 🙂

================

🍓 СУРЕТТІ ӨҢДЕҢІЗ

Өңдеу арқылы сапасын, 2 есе көбейте аласыз. Инстаграмның фоторедакторы да ыңғайлы және тез.

Play Market — те Pixlr қосымшасын да байқап көріңіз.

================

🍓 САПАЛЫ ЕТІП ТҮСІРІҢІЗ

Соңғы 5 жылдыққа жататын, смартфондармен жақсы сурет түсіре аласыз. Түсірмес
бұрын, камерасын шаң-тозаңнан тазалаңыз.

Кәсіпқой фотографтар таймер қолдануды ұсынады. 3 сек қойсаңыз, басқаннан кейін 3 секундттан кейін түсіреді. Қолмен басқан кезде, құрылғы жылжып, сапасына кері әсер етеді.

=================

🍓 СТАНДАРТТЫ КАМЕРА ҚОЛДАНБАҢЫЗ

Телефоныңыздың өзінде, камера болады. Оны қолданбаңыз. Android — қа OpenCamera қосымшасы бар.

Instagram — ның өз камерасы да жақсы. Бірақ киберқауіпсіздік жағынан дұрыс емес. Бұл басқа әңгіме. 🙂

=================

🍓 ШАҒЫН қателіктер жасамаңыз

❌ Тым қараңғы жерде түскен.
❌ Жарық тым жоғары. Шағылысып тұрады.
❌ Декорация көп. Ненің қайда тұрғаны түсініксіз.
❌ Сапасы төмен, бұлдырап тұр.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar