Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Инстаграмда ақша табудың ТОП-4 жолы

Ассалаумағалейкум.

Инстаграмда ақшатабудың 4 жолын айтамын. Инстаграмда қалай ақша табуға болады?

Тауар немесе қызмет түрін сату

Тауар сатумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын болсаңыз, жеке парақша ашып дамытасыз.

Айталық дүкеніңіз бар:

  • Жеке парақша ашасыз
  • Профилге мекен-жайыңызды, телефон номер секілді ақпараттарды жазасыз.
  • Тауарлардың суреттерін саласыз
  • Видеолар саласыз
  • Клиенттердің пікірлерін салыңыз
  • Мерекелік жеңілдіктер туралы ақпарат
  • Таргетингтік жарнамаға жіберуге болады

Бұлар бәрі емес, тағы 20 фишка қосуға болады. Бұл туралы жеке пост жазу керек.

Сәтті жұмыс жасауы үшін, инстаграм туралы көбірек біліңіз. 

Жарнама сату

Көп оқырман жиналған парақшалар бар. Әзілдер, пайдалы кеңестер, асхана, әйелдерге арналған, мотивациялықафоризмдер.

Парақшада оқырман көп. Демек ақылы жарнама бергісі келетіндер хабарласады. Табыс осылай келеді.Көп оқырман жинау үшін, бірнеше жылға дейін уақыт кетеді.

Дәл қазір бастайтын болсаңыз, 1 жылдан кейін нәтиже көруге болады.  

Контенттік жоба бастау бойынша PDF кітапты жүктеп алыңыз >>>

Админ қызметін атқару

Instagram парақшасы бар, бірақ дұрыс жүргізе алмайтын немесе уақыты жоқ адамдар бар. Егер Instagram жағын жақсы білетін болсаңыз, ақшасына келісіп парақшасын дамытуға көмектесесіз.

Админ қызметіне кіру мүмкін жұмыстар

Парақшаға посттар салып отыру

Директ хабарламаға жауап беру

Қажетті аудиторияны жинау

Жазылған пікірлерге жауап қайтару

Парақшаның белсенділігін арттыру

Сториске пост салып отыру

Парақша статистикасымен жұмыс

Посттарға арналған мақсатты хештег жинау

Контент — жоспар жасау

Пост салатын ыңғайлы уақытты болжау

Тәжірибеңіз болмаса, оқып алуға болады. Қажетті ақпараттарды Youtube – тен таба аласыз.

Бұлардың ешқайсы қолымнан келмейді деп ойламаңыз. Кез-келген дүниені меңгеруге болады. Жақсы тәжірибе жинағыңыз келсе, контенттік жоба бастаңыз.

Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar