Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Инстаграмда көп оқырман жинаудың ең тез жолы

Ассалаумағалейкум.

Инстаграм парақшаңызға көп оқырман жинаудың ең тез жолын айтамын. Парақшаңыздың тақырыбы маңызды емес. Жеке блог, контенттік жоба, бизнес — профил. Бәріне болады.

Ең тез жолы – байқуға қатысу. Конкурс.

Байқау деген не?

Белгілі бір жүлделер бойынша ұтыс ойыны. Шарттары мынадай болуы мүмкін. Пікірге осынша досыңды белгіле және барлық спонсорларға жазыл.

Спонсорлар деп отырғанымыз, конкурс жүріп жатырған парақшаның подпискілер бөліміндегілер. Сіздің мақсатыңыз подпискілер тізіміне шығу.

Қалай қатысамын?

Конкурсты ұйымдастырып жатырғандарға хабарласасыз. Парақшаңызды қосуын сұрайсыз. Хабарласудың ең қарапайым жол, конкурстық парақшаның директіне жазу.

Қосқалы отырған парақшаңыздың, оқырмандар саны аз болса. Ақша төлеп қатысасыз. 2000 теңгеден басталады.

Керісінше, 30 мыңнан жоғары болса, тегін қатысуға мүмкіндік бар. Тек конкурс болып жатырған парақшаны жарнамалайсыз.

 

Тиімсіз жақтары?

Кері жазылым. Байқау аяқталғаннан кейін, жазылған адамдардың 30% — 60% дейін кері жазылым жасайды. Парақшаңыздан кетеді. Instagram осы байқап, ретингті түсіріп тастауы мүмкін.

Сатып алмайды. Парақшаңыз сатуға арналған болса, осы тәсілмен жұмыс жасайтын байқауға қатыспаңыз. Себебі сізге сатып алатын адамдар, жазылмайды.

Сатуға арналған парақшаңызға, байқауды өзіңіз жариялаңыз. Айталық төменге 3 досыңызды белгілеңіз де, құлаққап ұтып алыңыз. Тек өзіңізге жазылған адамдар арасында ұйымдастырасыз. Осылай белсенділік артады.

Анық емес, аудитория. Парақшаңыздың аудиториясына келмейтін адамдар жазыла береді. Әйелдерге арналған парақша болса, ер адамдар да жазылады. Бұл жақсы емес, себебі белсенділікті төмендейді.

Парақшаға қойылатын талаптар

Өзім ойластырған, мына талаптарды ұсынамын:

  1. Instagram парақшаңыз ерлер мен әйелдерге ортақ болсын.
  2. Тауар немесе қызмет түріне арналған парақша болмауы керек.
  3. Парақшаңыздағы контент 18 бен 35 жас аралығында болғаны абзал.
  4. Ішінде минимум 20 пост болсын.

Маңызды кеңес

Қатысқалы отырған байқау әділ болсын. Аяқталғаннан кейін жеңімпаз сыйлығын алуы керек. Өзім 10 реттей көрдім, машина, iPhone – ды жүлде ретінде қояды. Кейін өтірік болып шығады. Ондай байқауларға қатыспаңыз. Бұл халықты алдау!

Байқаудың көлеміне қарайы айына 10 000 – 50 000 дейін және одан көп оқырманды жинауға болады. Дегенмен жоғарыдағы кеңестерді ескеріңіз.

Сәттілік.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
вапавпЗина Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Зина
Қонақ
Зина
вапавп
Қонақ
вапавп

вапавпавпвап