Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Инстаграмда репост жасауға арналған 2 қосымша

Ассалаумағалейкум.

Басқа әлеуметтік желілермен салыстырғанда инстаграмда репост жасау функциясы жоқ. Бұл шешілмейтін мәселе емес, оны жасау мүмкіндік беретін жеке бағдарламалар бар. Бүгін өзіме ұнаған репост жасауға мүмкін беретін қосымшалардың тізімін ұсынамын.

Инстаграмда репост жасау не үшін керек екенін анықтап алайық:

Басқа біреудің парақшасында тұрған жазбаға сізге ұнап қалды және оның өзіңіздің парақшаңызға шығарғыңыз келді.

Белгілі бір конкурсқа қатыстыңыз, репост жаса деген шарты бар.

Сіздің жеке контенттік жобаңыз бар, оған посттарды басқа парақшалардан алып салуыңыз керек.

Бұл тұрғыда андроидқа арналған бірнеше жақсы бағдарлама бар, егер сізде iOS болатын болса, App Store – да бар.

Репост жасау өзім ұсынатын 2 қосымша:

Repost for Instagram

Бір жыл бұрын, осыны қолдандым және іздеген кезде бірінші шығады. Қолданылу жаға өте оңай, жүктеп алғаннан кейін, не істеу керектігін түсіндіріп қойған. Посттарды алдын ала сақтап, кейінірек repost жасауға болады. Оған видео, фото бәрі келе береді.

QuickSave

Дәл қазір, осыны ғана қолданамын. Маған өте ұнады. Қолдануға өте жеңіл, дизайны оңай,телефонның жады толып қалмас үшін, сақталатын жерде флешкаға ауыстыруға болады, жұмыс жасау жылдамдығы жеңіл, фото, видео, слайдерге репост жасауға болады.

Мен ақылы түрдегі Premium нұсқасын қолданамын. Сатып алғаннан кейін, жарнамалар мазаңызды алмайды және барлық функциясы қол жетімді болады. Бар болғаны бір рет қана 300 теңге төлесеңіз болды. J

Инстаграмда репост жасауға қатысты жиі мазалайтын сұрақтар:

Егер репостты арқылы постты сала берсем, банға түсіп қалмаймын ба?

Жоқ. Репост, инстаграмға телефон арқылы пост салғанмен бірдей жұмыс жасайды. Бұл автопостингкке жатпайтындықтан, банға түсіп қалмайсыз.

Басқа біреудің парақшасынан алып, өзіме салсам банға түсіп қалмаймын ба?

Мүмкін. Instagram – да авторлық құқықтар сақталған. Сондықтан постты салатын кезде, парақшаның админінен рұқсат сұрған дұрыс немесе қай парақшадан алдыңыз, соған сілтеме біріп қою, бұл алған парақшаның өзіне де пайдалы. Ал ең дұрысы екеуін де жасау, адамгершілік тұрғысынан алғанда. 🙂

Осымен жазбаны аяқтаймын, келесі жазбаларда кездескенше.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
1 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
МухиАйнур Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Айнур
Қонақ
Айнур

Оте керемет жарайсың бауырым

Мухи
Қонақ
Мухи

маган кереги осы еди рахмет Ертай максатына жет. Рахмет