Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Инстаграмда трафик алудың 10 жолы

ТАРАФИК АЛУДЫҢ 10 ақылы, тегін жолдары

Тарафик ТЕГІН және АҚЫЛЫ болып бөлінгенімен екеуі де жақсы жұмыс жасайды.

🧲 ТЕГІН ЖОЛДАРЫ

📗 Сапалы контент

Парақшаңызға сапалы ақпараттар салып отырасыз. Осы арқылы жаңа аудитория келеді.

📗 Оффлайн
Көшеде немесе дүкендерде инстаграм парақшасын жазып қояды. Жұмыс жасайтын тәсіл, осылай көріп қалып, парақшасын ашып көргенмін.

📗 Массфолловинг
Парақшаңыздың аудиториясына келетін адамдарға жазыла бересіз. Шамамен 10% сізге жазылады. Арнайы сервистер арқылы жасаған ыңғайлы. Қолмен жасау қиындау болады.

📗 Масслайкинг
Жазылмай тек лайк басасыз. Белгілі бір бөлігі сізге жазылады. Лайкты суретіне немесе жазған пікіріне басуға болады. Жазылған адамдарға лайк басу арқылы, белсенділікті арттыруға болады.

📗 Хештег
Сторис пен постқа хештегтер жазыңыз. Қосымша трафик әкеледі. Жазған постыңызды байланысты болсын. Хештег бойынша іздеуген кезде шығады.

📗 Геолокация
Аймақты белгілейтін болсаңыз, белгілі бір қалай бойынша іздеген кезде, постыңыз шығып тұрады.

🧲 АҚЫЛЫ ЖОЛДАРЫ

📗 Таргетинг
Фейсбук немесе инстаграмның өзі арқылы таргетингтік жарнама жасауға болады. Постыңызды, стористі не видеоны керек адамдарға көрсете аласыз.

📗 Байқауға қатысу
Оншақты парақша бірігіп байқау ұйымдастырады. Парақшаңызды қоссаңыз, қысқа уақытта 5000-10000 адамға дейін жинай аласыз. Одан да көп болуы мүмкін.

Қажет емес адамдар жазып кетуі мүмкін. Оқырмандарыңыз арасында ұйымдастырсаңыз болады. Спонсор болуды ұсынбаймын.

📗 Блогерлерге жарнама
100-200 мың оқырманы бар блогерлерге ақшасын төлеп, жарнамалайсыз. Танымалдығына байланысты бағасы әртүрлі. Өз аудиториясында сенімге ие болса, жарнама жақсы нәтиже береді.

📗 Автодирект
Instaplus секілді сервистер арқылы, автодирект жасай аласыз. Айталық сізге біреу жазылса автоматты түрде хабарлама жібереді. Сайтыңызға сілтеме қойып, трафик тарта аласыз.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Болат Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Болат
Қонақ
Болат

Керемет түсіндіресің!

Болат
Қонақ
Болат

Рахмет Ертай балам! Көп нәрсені үйреніп қалдым, күн сайын жаңалықтарыңды күтіп отырамын, бір қарам шығамын.