Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Инстаграмды алға жылжытудың 3 керемет жолы

Ассалаумағалейкум, құрметті достар.

Бұл әдеттегідей – Ертай Қуанышов. Бүгін SMM – маркетинг туралы жақсы бір ақпарат беремін. Шыны керек, осындай тақырыптарға қызығатындар өте көп. Егер сіз де осылардың қатарынан болсаңыз онда, соңына дейін оқыңыз.

Инстаграм туралы айтпай – ақ қояйын, оны бәріміз білеміз деп есептеймін. Қазіргі уақытта көптеген smm – шиктер әртүрлі парақша ашып, алға жылжытып жатыр.

Уақыт өткен сайын, әлеуметтік желідегі парақшаны алға жылжытудың көптеген фишкілері ұсынылуда. Бірақ бүгін тек инстаграм төңірегін айтамын.

Сонымен инстаграмды алға жылжытудың керемет 3 тәсілі:

Қажет емес аккаунттардан тазалау. Парақшада 100 мың оқырман болатын болса, оның белгілі бір бөлігі боттар және коммерциялық аккаунттар болып есептеледі. Ал бізге керегі олардың санын азайтып, жазылушылар тізімінен алып тастау.

Сізде сұрақ туындауы мүмкін: “Жазылушылар санын, азайтудың не керегі бар, тұра бергені дұрыс емес пе?” – деген сияқты. Ал негізінде олай емес. Себебі инстаграмда ақылды лента деген жүйе бар. Оның жұмыс істеу жүйесі мынадай: Егер парақшаңызға, бір пост салатын болсаңыз, инстаграм оның сіздің барлық оқырмандарыңызға көрсетпейді, тек белгілі бір бөлігіне ғана, мысалы 1000 жазылушыңыз болса, бірінші 50 – не көрсетіп қарайды, егер олар белсенді болып, лайк басып, пікір жазу деген сияқты қимылдарға баратын болса, қалған бөлігіне көрсетеді. Осылай қаралым саны өте жақсы болады.

Ал енді елестетіп қараңыз, сізде жазылғандардың 20% — ы, коммерциялық аккаунттар немесе боттар. Сіздің постыңызды бірінші, тек белгілі бір бөлігіне ғана көрсетеді деп айтқан болатынмын, егер сол белгілі бір бөлігінің ішінде, аталған боттар немесе коммерциялық аккаунттар болатын болса, олардың лайк басып, пікір жазатынына күмәнім бар. Сондықтан инстаграм әрі қарай қалған оқырмандарыңызға көрсетпейді. Міне, енді білесіз, неге аз лайк немесе пікірді аз жинап жүрсіз.

Видео посттар салып тұру. Instagram — да жәй суретке қарағанда, видео көбірек қаралады және ең бастысы қызықты посттар бөліміне шығуға мүмкіндік жоғары. Сондықтан міндетті түрде видео посттарды қолданыңыз.

Жеке тәжірибемнен айтатын болсам, менде видео посттар арнайы түрде қызықтылар тізімінде көп шықты, жәй суретке қарағанда. Оны статистикадан – ақ оңай байқауға болады.

Автопостинг сервистерін қолдану. Инстаграмда тұрақтылық танытқан жақсы. Бұл дегеніміз мынадай, кейбір парақшалар, бір пост салады да, айлап ештеңе салмай кетеді. Себеп көп, ұмытып кетуі мүмкін, еріну немесе уақыты болмауы деген сияқты. Ал аталған мәселені шешетін – автопостинг сервистері.

Мысалы қарапайым ғана – smmplanner – ді қолдануды ұсынамын.

Уақытыңыз бар кезде, алдағы бір айға, тіпті одан да көп уақытқа посттарды жіберіп қоясыз, сервис автоматты түрде сіз белгілеген уақытта парақшаңызға салып отырады.

Бүгінше осы келесі жазбада кездескенше. Кез-келген туындаған сұрақты пікірге жазып қалдырыңыз.

3
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
1 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
3 Авторы комментариев
ЖанеркеЕртай ҚуанышовЗина Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Зина
Қонақ
Зина

Олардың бот екенін қайдан білуге болады.

Жанерке
Қонақ
Жанерке

Инстада көп подписчик жинағым келеді. Ол үшін ең алдымен не істеу керек екенін білмей жүрмін