Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Интернет дүкен ашудың ең оңай жолдары

Сәлем, достар. Соңғы уақытта интернет арқылы сауда жасайтындардың үлесі артқан және барған сайын өсіп жатыр. Мүмкін бұны өзіңіз де естіген боларсыз?

Тауарын немесе қызмет түрін ғаламтор арқылы сататындар саны өте көп. Жеке өзімнің байқағаным, ғаламтор дүкендерін ашып тауар сату тиімді екенін көпшілігі түсініп келе жатыр, мүмкін сіз де ғаламтор дүкенін ашып, тауар сатуды немесе сол сияқты жұмыстармен айналысуды ойлап жүрген шығарсыз?

Ал бүгін интернет дүкен ашудың ең оңай түрлерін қарастырып кетейік. Ғаламтор дүкендері өте, көп бірақ бәсекенің көп болуы сіздің табысыңызға кері әсер етеді деген сөз емес, қаншама бәсекелестері болса да, табыс тауып жатырғандарды көріп отырмыз, оның істегенін сіз де істей аласыз?

Ғаламтор дүкенін ашудың ең оңай түрлер:

Интернет дүкенді тапсырыс бойынша жасату. Егер сізге тауар сататын сайттар, мысалы sulpak сияқты сайт керек болатын болса, осы тәсілді қолдануға болады. Бірақ бұны жасату үшін, біраз инвестиция жасайсыз. Бұл дегеніміз оны жасатуға кететін шығын.

Әдетте интернет дүкендерді, кез-келген веб-студиялар 80 мың теңгеден, бастап жасап береді, бұл минималды түрде алғанда.

Әрине, егер бағдарламашы болсаңыз, бәрін өзіңіз жасап шығуыңызға болады, бірақ ол үшін де уақыт кетеді.

Бұның басты артықшылығы, техникалық жақтарына бас қатырудың керегі жоқ, ақшасын берсеңіз, сіздің қалауыңызша жасап береді.

Инстаграмды қолдану. Бұл тәсіл соңғы уақытта кеңінен қолданылуда, себебі бұл үшін ешқандай шығын шығарудың керегі жоқ, жәй ғана парақша ашасыз да, сататын тауарларды сала бересіз. Кез-келген интернеті бар адамға қол жетімді тәсіл.

Бұл жерде басты мәселе, парақша ашылғаннан кейін оны алға жылжыту. Бірақ бұны да жасауды қиындығы жоқ деп есептеймін, инстаграмды алға жылжытудың да көптеген тәсілдері бар.

Арнайы платформаларды қолдану. Бұл да сайт есебінде жүреді, артықшылығы ешқандай веб-студияларға ақша шығармайсыз.

Арнайы платформалар дегеніміз – интернет дүкенді, ешқандай бағдарламашының көмегінсіз-ақ жасауға мүмкіндік беретін сервистер. Мысалы InSales платформасы.

Егер осы тәсілді қолданатын болсаңыз, тек белгілі бір уақыт аралығында тарифтік жоспар бойынша, төлем жасап тұрасыз.

Дегенмен бұл тәсіл, де өте сұранысқа ие.

Ендеше біздің ұсынып отырған, ғаламтор дүкендерін жасаудың ең оңай тәсілдері осы.

Бүгінше осы келесі, кездескенше.

5
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
5 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
5 Авторы комментариев
ГүльмираPeterEmothМерейГулнарАрдақ Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Ардақ
Қонақ
Ардақ

Көп рахмет сізге.Істеріңізге сәттілік тілеймін!

Гулнар
Қонақ
Гулнар

Мен үшін өте пайдалы ақпараттар. Сізге рахмет.

Мерей
Қонақ
Мерей

Рахмет

PeterEmoth
Қонақ
PeterEmoth

<a href=http://writepapersonline.org>college essay for admission</a>

http://writepapersonline.org

Гүльмира
Қонақ
Гүльмира

Сіздерге көөөөп рахмет