Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

IT саласының болашағы туралы, бірер сөз! Енді не істеуіміз керек?

Ассалаумағалейкум құрметті достар!

Ақпараттық технология саласы, қазіргі уақыттың басты дүниелерінің бірі болып тұр. Себебі қазір барлығымыз жаңа технологияларды қажет етеміз және оған деген сұраныс аса жоғары. Күнделікті қолданатын тоңазытқышымызға дейін IT – ге тәуелді.

Әртүрлі мобилді қосымшалар бізге әртүрлі мүмкіндіктер беріп отыр, мысалы үйде отырып: газ, жарық, судың ақшасын телефон арқылы төлеуге болады.

Қазақстан IT саласын, көбірек дамыту қажет. Жоқ, мен Қазақстанда ақпараттық технология саласы дамымаған деп тұрған жоқпын. Оған үлес қосып жатырған біраз азаматтар мен азаматшалар баршылық, бірақ бұл жетерлік деген сөз емес.

Бағдарламалау саласы болсын, робототехника болсын бізде көбірек алға қоюды талап етеді. Қазіргі уақытта осы сала мамандары бізде жетіспейді. Бұған не себеп деген сұрақ туындауы мүмкін. Мен ойлаймын, бұған басты себептердің бірі, жастардың көзқарасының дұрыс болмауы деп есептеймін.

Себебі ақпараттық технология саласының мамандарын жетіспейтіні туралы көп айтылмайды, бұл бір, ал екіншіден компьютерлік бағдарламалау мектеп бағдарламасында дәл қазіргі уақытта 9 сыныптан ғана басталады.

Ал батыс елдерінде балаларды компьютерлік бағдарламалауға 4-5 жасынан бастап үйретеді. Себебі олардың бұның болашағын түсініп отыр және бұның балаларға басқа салаға кеткеннің өзінде өте пайдалы. Сондықтан бізде, сақал шыққанда емес, мейілінше бала кезінен компьютерлік бағдарламалауға баулыған дұрыс.

9 сыныптан бастап үйретеді деп қоямын, мұғалімдердің өзі программалауды білмейді. Білмесе басқаларға қалай үйретеді! Басқаларын білмейді, мен оқыған мектепте солай еді, бұл әрине мұғалімдерді де, осы тұрғыда қайта дайындауды талап етеді.

Көбі заңгер, экономист сияқты мамандықтарды 4-5 жыл оқып алады да, 4-5 жыл бойы жұмыс іздеп кетеді.

Одан да осындай сұранысқа ие, ақпараттық технология саласына барғаны дұрыс және бізде осы сала мамандарының жалақысы, ең жоғарыларының қатарына жатады. Минимум 100 000 – нан басталады, бұл ең жоқ дегенде.

IT саласы бізде енді дамып, көркейіп келе жатыр. Егер шындап кірісетін болсақ, осы саладағы аузылы деген елдерден озып кетуімізге болады. Әлемдегі Twitter, Facebook, Google, Microsoft сияқты көптеген ірі компанияларда жұмыс жасайтын қандастарымыздың үлесі баршылық. Оны талқылаудың да қажеті жоқ.

Қорыта айтатын болсақ, болашақтың басты элементтерінің бірі болып тұрған ақпараттық технология саласына бәріміз өз үлесімізді қосуымыз керек.

2
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
2 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
2 Авторы комментариев
СұлтанБерік Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Берік
Қонақ
Берік

Иа Ертай дұрыс тұжырымдағансыз. Енді өзіңіздің білетін біліміңізді жаның ашитын қандастарыңа үйретсеңші. Сонда пайда берген білім болады.

Сұлтан
Қонақ
Сұлтан

Сізбен толықтай келісемін. IT саласы бүгінгі күнде қарқынды дамып келеді ғой. Қазақстанның IT саласынан жоғарғы ел болуына тілектеспін. Өз үлесімді де қосамын!