Ертай Қуанышовтың блогы

Мен пайдалы ақпараттарды білем, сен де біліп ал

Қандай мамандық таңдаған дұрыс?

Сәлем, құрметті оқырман.

Бүгінгі айтылатын әңгіме мамандық таңдау туралы болмақ. Сіз білесіз бе? мектепте немесе басқа да орындарда бізге қалай мамандық таңдауға болатынын үйретпейді. Кім боласың деп сұрайтындар бар, бірақ мамандықты қалай таңдауға болатыны туралы ешқандай кеңестер берілмейді.

Қазіргі уақытта, жаңа технологиялар дамып, сол арқылы жаңа мамандықтар пайда болуда, сондықтан кез-келген адамға таңдау көп. Мысалы сіз өз мамандығыңызды қалай таңдадыңыз?

Көбінің таңдау жүйесі мынадай: “Мынаны таңдасам, айлықты көп аламын”, “Мынаны таңдасам, мықты лауазымға отырам” немесе “Мынаның айлығы аз, оны оқымаймын”. Жалпы алатын болсақ, соңында бір жақсы айлық төлейтін мамандықты 4-5 жыл оқып алады да, кафеде даяшы болып жүреді. Себебі түсінікті, оның таңдаған мамандығына сұраныс жоқ.

Жақында бір статистиканы көзім шалып қалды, 1 заңгер жұмысына 30 үміткер бар екен. Яғни сіз заңгерді оқыған болсаңыз, сізден басқада 29 үміткер бар деген сөз.

Мамандық таңдаудағы ең тиімді тәсіл мынау: егер ақша керек па? Жалақысы жақсы, бірақ өзіңе түк қызық емес мамандықты таңдағанша бизнеспен айналыс, мемлекетке қызмет етіп жоғары лауазым алғың келді ме? қажетті мамандықты таңда да, 5-6 жыл еңбек ет. Ешкім сені бірден бастық қылып қоймайды. Ол сенің қиялың ғана.

Қазіргі уақытта техникалық мамандықтарға сұраныс жақсы. Мысалы инженер, бағдарламашы, технолог т.б. Сосын 2017 жылдан бастап колледждер тегін біліп береді деген шешім шығарылды, әрине бәрі емес.

Сондықтан айтарым, басында қандай шаруға ебіңіз бар немесе қандай іске қызығасыз сонымен ғана айналысқан дұрыс.

Мамандық таңдағанда біреудің ықпалы да әсер етпегені дұрыс.

Мектеп оқып жүрген кезімде, бізге сабақ беретін ұстаздардың көбі айтатын еді: “Мұғалім болмай-ақ қойың, күні бойы жұмыс жасап шаршайсыңдар, жалақысы да аз” – деп. Қазір ойланып қарасақ, олардың таңдауы дұрыс болмаған. Бұл арқылы олар өздеріне де, оқушыларға да зиянын тигізеді. Ондай ойда жүретін адам, жарытып нені үйрете алады деп ойлайсыз.

Мысалы мен программалау тілдеріне қызықтым және қазір де сонымен айналысамын.

Ал бұл туралы сіз қандай ойдасыз?

1
Өз пікіріңізді білдіріңіз

avatar
1 Цепочка комментария
0 Ответы по цепочке
0 Последователи
 
Популярнейший комментарий
Цепочка актуального комментария
1 Авторы комментариев
Үйренуші Авторы недавних комментариев
newest oldest most voted
Үйренуші
Қонақ
Үйренуші

Осы сіздің айтқаныңыз да дұрыс. Барлығы бірақ, бірден байып кетуді ойлайды. Негізінде, барлық нәрсе қиындық арқылы жетеді. Соны ұғыну тиіс. IT мамандық бойынша жұмыс істеп, өз биснесіңді ашқан тиімдірек сияқты, қазіргі заманда.
Мұғалімдердің бәрі қиқылдайды 🙂